Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі
                 АҚ «КазАгроИнновация»
«Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтты» ЖШС




   КҮРІШ ПЕН КҮРІШТІ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНДЕГІ
              ДАҚЫЛДАРДЫ СУҒАРУ
                   (Ұсыныс)




                     АСТАНА 2010
Кіріспе

     Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күріш
шаруашылығы өзін өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғни
тұтынушыларды күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті
240-300 мың тонна көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттергі
жəне жақын жердегі мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады.
     Қазақстан Республикасының күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəне
Қаратал өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күріш
егісінің өсуі топырақтық-климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне су
ресурстарының жеткілікті болуымен байланысты. Күрішті өсіру - тұзданған
өнімділігі нашар жерлерді түбегейлі мелиорациялауды жүзеге асыратын
қуатты фактор.
     Қазіргі кезде Қызылорда облысы күріш өсіретін негізгі аумақ болып
табылады, мұнда күріш егісінің 80% астамы ораналасқан. Облыста аймақтың
нақты табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген, өнімділігі үйлесімді жəне
тұрақты күріштің аудандастырылған күріш сорттары өсіріледі. Ал екінші аумақ
Алматы облысының Ақдала мен Қаратал суғармалы аймақтарында орналасқан.
Үшінші күріш өсіретін аумақ Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылкұм
даласында орналасқан.
     Су ресурстарының тапшылығы жағдайында, күріш жүйелерінің
конструкция-сын жетілдіріп, суғармалау гектарының сапалық көрсеткіштерін
арттыру арқылы, Қазақстанның күріш себетін аудандарының əрі қарай дамуын
жүзеге асыру керек. Суғармалау гектарының сапасын арттыру үшін, күріш
өсірудің     алдыңғы    қатарлы    технологияларын      кеңінен   қолданып,
республикамыздың күріш плантацияларында су, материалдық жəне еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану қажет.
     Кітапшада күріш өсірудің негізгі ережелері келтірілген: топырақтың
тұздану дəрежесіне жəне арам шөптермен ластануына байланысты, күріш
чектерін себуге жəне су бастыруға дайындалуы, күріш пен күріштің ауыспалы
егістігіндегі дақылдардың (жоңышқа) суғару тəртібі мен техникасы.
     Құрал фермерлер-күрішшілерге, күріш шаруашылығының мамандарына
арналады.


                              1. Күріштің жүйесі

    Күріштің суғару жүйесі екі бөліктен тұрады: шаруашылық аралық жəне
ішкі шаруашылық бөліктері. Шаруашылық аралық бөлігіне басты су алатын
құрылым, магистралды жəне таратушы каналдар, коллекторлар, барлық
гидротехникалық құрылымдары болатын басты коллектор, байланыс,
пайдаланылатын жəне шаруашылық арасындағы жолдар кіреді; ішкі
шаруашылық бөлігіне – суғармалы танаптар, таратушы каналдар, осы
каналдардағы барлық құрылымдар мен танаптар арасындағы жолдар кіреді.

                                    4
Күріштің суғару жүйесіндегі магистралды жəне таратушы каналдар,
коллекторлар, кəріз суын жинағыштар, сонымен қатар гидротехникалық
құрылымдар, басқа дақылдардың суғару жүйесіне қарағанда аз болады. Алайда
жүйенің суды алатын, тарататын жəне алып шығаратын кіші тізбектерінің
бірсыпыра ерекшеліктері болады.
     Күріш картасының Алғашқы элементі – бұл тегістелген күріш чегі, осы
чектерден күріш картасы, кейін күріш жүйесі құралады. Жүйе құрылысына
жəне күрішті өсіруге кететін шығындар көбінесе чектер аудандарына
байланысты. Чектердің ең тиімді пішіні – тік төртбұрышты пішін. Күрішті
өсіруде механизация процесін көп қолдануды есепке алып салынған қазіргі
инженерлік күріш жүйелерінде, күріш чегінің ауданы 2,0 га төмен болмауы
керек, ал чектің бір жағы 150-200 м кем болмауы керек. Осындай өлшемді чек
күріш жүйесінде өнімділігі жоғары болатын техниканың қолданылуына
қолайлы жағдай туғызады.

                     2. Күрішті себуге чектерді дайындау

     Топырақтың негізгі өңделуі. Күрішті себуге топырақты дайындаудың
ерекшеліктері алғы дақылдармен, танаптардың арам шөптермен ластану
дəрежесімен, топырақтардың тұздануымен, себу əдістері мен мерзімдерімен
жəне т.б. сипатталады. Алайда барлық жағдайда да дайындық жұмыстары
топырақтың өңделумен басталады, яғни топырақ сүдігер жыртылады (күріш
дақылынан кейін).
     Сүдігер жыртуды күрішті жинап алған соң (қыркүйек-қазан) бастайды.
Түйнекті қамыстармен ластанбаған жəне тұзданбаған топырақтарда сүдігер
айдауда 22-25 см-лік топырақ қабатын айналдырып жыртады. Негізінен
күрмекпен ластанған, биік чектерді айдағанда, күрмектің тұқымдары төменгі
қабатқа еніп, көктеп шықпайтындай етіп топырақ қабатын айналдырып
жыртады.
     Күріш жүйесіндегі тамырлары сабақ тəріздес арам шөптердің ішіндегі ең
зиянды түрі – кəдімгі қамыс (түйнекті қамыс). Оған қарсы жүргізілетін
шараларының ең тиімдісі келесі агротехникалық əдіс болып табылады: күзде
өсімдік түйнектерінің негізгі массасы мен тамырлары орналасқан қабаты
тереңірек, яғни 14-16 см тереңдікке жырту керек. Жердің бетіне шыққан
өсімдік түйнектері мен тамырлары аязға шыдамай үсіп қалады, ал көктемде
оларды тырмалап алып тастап, топырақты 22-25 см тереңдікке жырту керек.
     Сүдігерден кейін арам шөптермен ластанған топырақтарды, ерте көктемде
1-2 рет 12-16 см тереңдікке жырту керек немесе өсімдіктің тамырлары кеуіп
қалу үшін, арасы 10-12 күн болатын 2-3 рет чизелдеу керек, яғни топырақ
қопсытылады.
     Тұзданған топырақтың төменгі қабаттарына шайылатын тұздарды жер
бетіне шығармау үшін, қайырмай жыртуды 20-25 см тереңдікпен жүргізеді.
     Көп жылдық шөптер өскен топырақ қабатын өңдеу əдісі мен мерзімдері
топырақтың құнарлығын тиімді пайдалануға үлкен əсерін тигізеді, себебі
топырақтың құнарлығы жоңышқаны өсіру нəтижесінде артады. Қазақстанның
                                    5
ғылыми ұйымдары мен озат өндірістерінің тəжірибесі, жоңышқалықты
көктемде күріш себер алдында жыртқан жөн деп санайды. Көктемде
жыртылған топырақта, шөптердің 2 жыл ішінде жиналған органикалық заттар
ұзақ уақыт ыдырайды.
     Жоңышқалық топырақ қабатын мамырдың екінші жартысында, күрішті
себу мерзімінің соңында жүргізуге тырысады, яғни жоңышқа бутандану
фазасына келген сəтте жəне шөптің қалыңдығы жақсы қалыптасқан кезде.

     Тегістеу. Жақсы тегістелген чектерде күріштің өсіп дамуына, біркелкі
сумен бастырылуына жəне арам шөптермен күресуге қолайлы жағдайлар
туады. Күріш чектерінің бетін эксплуатациялық тегістеу жұмыстары жыл
сайын, егін себер алдында жүргізілетін ауыл шаруашылық жұмыстарымен бірге
өткізеді, яғни егін себер алдында өңдеуді грейдермен немесе тегістегіштермен
жер бетін тегістеумен аяқтайды, əрі ауыр кедір-бұдыр қырлы катоктармен
тығыздап, чек беті белгілерінің айырмашылығы ±5 см жеткізіп, топырақтарды
майда кесекті күйге айналдырады. Чекке байланысты тегістегіштердің жүру
бағыты диоганальды-ерсілі-қарсылы, айдаулы немесе айналмалы болуы
мүмкін.
     Чектерді қалпына келтіру үшін, жүргізілетін тегістеу жұмыстары 2-4
жылда бір рет орташа жазықтықтан ауытқығанда, яғни жер беті белгілерінің
мəндері қажетті шектен асатын болса, жүргізіледі. Əдетте, əр жыл сайын жер
беті тегістелсе де чектің жəне микрорельефтің орташа белгілерінің
айырмашылығы бірнеше жыл көлемінде 10 см болады. Қалпына келтіруде
жүргізілетін тегістеу жұмыстары чектің жобалық жазықтығын қалпына келтіру
үшін қажет жəне бұл тегістеуді жүйелі түрде жүргізу керек. Қалпына
келтірудегі тегістеуді парлы танапта жүргізген жақсы, себебі бұл танапта
тегістеумен бірге суғару желісі мен құрылымдарына да жөндеу жұмыстары
жүргізіледі. Қалпына келтірудегі тегістеуді жүргізерде əр чектің бетін
нивелирлейді. Егер чек бірталай кесілетін болса, онда чекті ылғалдап, грунт
отырғаннан кейін чекті тегістейді. Тегістеу сапасын 20х20 м квадраттар
бойынша бақылаулы нивелирлеу мен чектерді сумен толтыру арқылы
анықтайды. Суғарғанда чектерде құрғақ жəне су қатты көлдеген учаскелер
болмауы керек.
     Алайда қазіргі кезде шаруашылықтарда тегістеу жұмыстары көбінесе көз
мөлшері бойынша жүргізіледі, нивелирлік бақылау жүргізілмейді. Нашар
тегістелген чектерде су режимдерін тиімді басқару, қысыл-таяң мерзімде
чектерді сумен бастырып жəне суды сыртқа ағызып жіберу, арам шөптермен,
аурулармен күресу жəне т.б. қиынға соғады. Яғни күріштің өнімділігі тегістелу
сапасына тікелей байланысты болады (1 кесте).




                                     6
1 кесте – Тегістелу сапасына байланысты күріштің өнімділігі

                                  Чек белгілерінің орташа ауытқуы, ±см
Күріш өсірілетін аумақтар
                              3        4         5        6        7        10
Қызылорда                    62,6     57,1     42,7     36,3     31,4      28,5
Қызылқұм                     68,4     59,1     54,7     46,3     31,2      27,5

     Аудандары 1,5 га-дан 4,0 га дейін болатын чектерде +5 см немесе +2-3 см
болатын жер беті белгілерінің ауытқуын тек қана нивелирдің көмегімен не
болмаса жер бетін тегістейтін техниканың арнайы лазерлік құралдарымен
анықтауға болады.
     Күрішті себу. Күріш тұқымын сепкенде аудандастырылған жəне 1 мен 2
класқа жеткізілген сорттарын қолданады. Тұқымда ауру жұқтырған жəне
зиянкестер зақымданбаған, карантин салынған арам шөптер мен басқа
тұқымдар болмауы керек. Күріш тұқымының сапасын жақсартуда ауалы-
жылулық қыздыру мен тұқымдарды дəрілеудің маңызы зор. Себуге 5-7 күн
қалғанда, күріш тұқымын күрекпен аудара отырып, немесе дəн тазалағыш
машинасы арқылы өткізіп, атмосфералық ауамен вентеляция арқылы желдетеді.
Бұл тəсіл күріштің шығымдылығын 14-18% арттырады.
     Тұқымды бояулы гранозанмен дəрілеу жартылай ылғалдау тəсілімен
орындайды, яғни 1,5-2 кг препаратты жəне 8-10 кг суды 1 тонна тұқыммен
араластырады.
     Өсімдіктің үйлесімді қалыңдығы – егін өнімділігін анықтайтын ең
маңызды шарт. 1 гектарға 6-7 млн. күріш тұқымы себілсе, жинар кезде күріштің
қалыңдығы 1 м 250-300 дана өсімдік болады, бұл 1 м2 ауданды 400 жəне одан
да артық ұрықты сабақтармен қамтамасыз етеді, ал күріштің өнімділігі
гектарынан 60 центнерге дейін жетуі мүмкін.
     Əдетте күріш қарапайым əдіспен қатарлап немесе жіңішке қатарлар
бойымен себіледі. Еліміздің күріш себу тəжірибесінде ең кең тарағаны əдіс -
тұқымдарды 1-1,5 см тереңдікке машинамен қатарлап сеуіп, себілген жерді тез
арада сумен бастыру. Қатарлап себуді кəдімгі тракторлы дəн сепкіштермен,
қатар аралықтарын 15 см етіп, жүргізеді, Дəн сепкішті, тұқымды топыраққа
енгізу тереңдігіне шек қоятын, дискілі тістермен жабдықтайды. Шек қоятын
дискілі тістерді ені 20-30 мм болатын болат кесіндіден жасайды, яғни оны
дискінің сыртқы бетіне болтпен немесе дəнекерлеп бекітеді. Күрішті қатарлап
себу əдісі тұқымдарды аудан бойынша біркелкі таралуын жəне топыраққа
жақсы отырғызылуын қамтамасыз етеді.
     Топырақ пен судың орташа тəулік температурасы тұрақты +12-140С
болғанда, күрішті сеуіп, сумен бастыруды бастайды. Осындай температураның
басталу мерзімі күрішті сеуіп, сумен бастырудың уақыты болады, яғни
Қызылқұм аумағында 20 сəуір, Шиеліде – 26 сəуір, Қызылордада – 30 сəуір,
Қазалы, Ақдала жəне Қаратал аумақтарында – 5 мамыр. Себу жұмыстарының
аяқталуы тұқым сорттарының вегетация кезеңінің ұзақтығына (ерте пісетіндер
– 110 тəулік, орташа пісетіндер – 125 тəулік, кеш пісетіндер – 145 тəулік) жəне

                                      7
күзде əр жергілікті аумақта суықтың басталуына байланысты анықталады.
Күріш өсірілетін оңтүстік аймақта (Қызылқұм аумағы), күріштің кеш пісетін
сорттары үшін, себу жұмыстары 10 мамырға, орташа пісетін сорттары үшін 20
мамырға таман аяқталады, күріш өсірілетін орташа аймақта (Қызылорда, Шиелі
аумақтары), күріштің орташа пісетін сорттары үшін, 10 мамырға, ал тез пісетін
сорттары үшін 20 мамырға таман аяқталады, ал солтүстік аймақтарда (Қазалы,
Ақдала, Қаратал аумақтары), тез пісетін сорттар үшін, 15 мамырға таман
аяқталады.
    Күріштің себу мен суға батырылуының көрсетілген мерзімдері – жоғары
өнім алумен қатар, вегетация ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұл
кезеңде ауа мен судың орташа тəулік температурасының ауытқу шегінің ең
төмен болуы, күріш тұқымдарының жақсы көктеп шығуына септігін тигізеді, ал
күріштің дамып-жетілуінің барлық фазалары, жылумен қамтамасыздануы
жетерліктей болатын, үйлесімді температурада өтеді.

                           3. Күрішті суғару тəртібі

    Күрішті суғару тəртібі деп топырақтық, гидрогеологиялық, климаттық
жағдайларды жəне өсімдіктің агробиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
су қабатының жəне өсімдіктің даму кезеңдеріне сəйкес танапқа берілетін су
мөлшерінің өзгеру динамикасын айтады. Күріштің суғармалау мөлшері –
суғару кезеңінде 1 гектар танапқа берілетін судың мөлшері. Бұл мөлшер
топырақтың ылғалмен қанығуына, өсімдіктің транспирациясына, су беті мен
топырақ бетінен булануға, топырақ грунтының сүзілуіне, қажетті
технологиялық қашыртқыларына қажет.
    Күріш жүйелерінің көптеген жерлеріндегі топырақтар тұзданған болып
келеді. Күріштің суғару тəртібін топырақтардың тұздану дəрежесіне
байланысты іске асыру қажет.

        3.1. Тұзданбаған жəне əлсіз тұзданған топырақтардағы күріштің
                               суғару тəртібі
    Барлық жағдайда да, күрішті сеуіп болған соң суға бастырады, себебі
күріш себілгеннен кейін көктемейді, суға бастырғаннан кейін көктеп шығады.
Күріштің себілуі мен су бастырылуының арасы ең көп дегенде 1-3 күннен
артық болмауы керек. Чектерді суға толтырғанда суғару ағыншасы топырақты
шайып кетпейтіндей болуы керек; алғашқы сумен бастыру кезінде судың
қабаты 10-12 см жеткен соң, суды чектерге беруді тоқтатады.
    Алғашқы сумен бастыру кезеңінің ұзақтығы тұқымдардың көктеуімен
анықталады. Егер су тұқым көктегенге дейін сіңіп, буланып кетсе, онда
қосымша ылғалдандыру үшін суғару керек. Егер тұқым көктей бастағанда
чектегі су толық сіңбесе, онда қалған суды сыртқа ағызып жібереді. Ал егер
чектен суды сыртқа ағызып жібермесе, онда көктеп шыға бастаған тұқымдар
оттегімен қамтамасыздандырылмай қалады жəне өніп шыққан күріш сирек
болады.

                                     8
Күріш қатарлары белгіленіп алғашқы жапырағы пайда болған соң, арам
шөптердің екінші жапырағының пайда болуынан кеш қалмай, оларға қарсы
күресу үшін, чектерді қайтадан тереңдігі 12-15 см етіп суға толтырады. Күрмек
өскен сайын, су қабаты да күрмек өсімдігінен 5-7 см артық болады. Осы кезде
күріш пен күрмек өсімдігінің жағдайын күн сайын бақылау керек. Қалай
күрмектің қүреңденіп, құрып кетуі байқалса, су қабатын, күріштің жапырағы су
бетіне шығатындай етіп, азайтады. Күріш түптенер алдында су қабаты 5 см
дейін азайтылып, судың берілуі тоқтатылады. Бұл кезең тыңайтқышпен
қоректендірудің ең жақсы уақыты болып саналады. Күріш жақсылап
шоқтанғаннан кейін (6-7 жапырағы пайда болған соң), су қабатын 10-12 см
жоғарлатады. Дəн толық сүттеніп піскен кезде, суды чектерге беруді тоқтатады,
яғни күріш дəні толық балауызданып піскенше, су толық топыраққа сіңіп кетеді
(1 сурет).




                                                   А                            Ағыссыз
                                     20

                                     10
Күріш танабындағы судың қабаты, см




                                      0
                                                                               Ағыссыз
                                                   Б
                                     30

                                     20

                                     10

                                      0

                                                   В
                                                                           Суды ауыстырып
                                     20

                                     10

                                      0
                                                           Жапырақ.            Сабақ-    Бас              пісуі
                                           себу   көктеу    пайда     түптеу                                               жинау
                                                                               тану     тарту
                                                            болуы                               сүттен. балауыз.   толық

                                          «а» - тұзданбаған топырақтарда; «б» - күрмекпен ластанған жерлерде;
                                          «в» - орташа жəне күшті тұзданған топырақтарда.

                                             1 сурет – Күрішті сумен бастырудың ұсынылып отырған тəртіптері


                                                                               9
3.2. Тұзданған топырақтағы күрішті суғару тəртібі
    Күрішті тұзданған топырақтарда өсіргенде, алғашқы су бастыру кезеңінде,
чектердегі судың минералдылығы тез арада өседі. Сондықтан күрішті сеуіп
болған соң, алғашқы сумен бастыруды 10-12 см тереңдікте, топырақтың
жоғарғы қабатының тиімді тұщыландырылу мақсатында жүргізеді. Күріш
тұқымдарының көктеп, 2-3 жапырағы пайда болғанға дейінгі кезеңде күріш
топырақтың тұздануына сезімталдылығы өте жоғары болады. Сондықтан
чектегі судың минералдылығы 2,5 г/л-ден жоғарласа, чектегі суды толық
ауыстырады, яғни күріш түптене бастағанға дейін, топырақтың тұздану
дəрежесіне байланысты суды 2-4 рет ауыстырады. Тұзданған топырақта, күріш
көктеп шыға бастаған кезеңде, күріш танабын сусыз қалдыруға болмайды,
танаптың құрғақтығы топырақ бетіне тұздардың жиналуына əкеп соғады.
Күріш көктеп шыға бастағанда топырақ жақсы ылғалдануы керек, ал 2-3
жапырағы пайда болған фазасында чектегі су қабаты 10-15 см болғаны жөн.
Күріш түптенген кезде чектегі судың қабаты 5 см дейін азайтылады. Егер осы
кезде чек суының минералдылығының жоғарлауы байқалса, яғни күріштің өсуі
тежелсе немесе өсімдік сарғайса, онда суды тез арада тұщы сумен ауыстыру
қажет.
    Топырақтың жəне судың шектен тыс тұздануына күріштің сезімталдылығы
дамып-жетілу фазалары бойынша өзгереді. Мысалы, көктеп жапырақтары
пайда болған фазаларында, судың минералдылығы 2,5 г/л жоғары болса, онда
ол күрішке кері əсерін тигізеді. Қалған кезеңдерде, судың минералдылығы 3 г/л
дейін болса да, күріштің өнімділігіне айтарлықтай кері əсерін тигізбейді.
Түптені-масақтану кезеңінде, судың тереңдігі бойынша, чектен қашыртқа
суының 50% шығарып тастау керек, ал суғару кезеңі бойынша, топырақтың
тұздануына жəне чектегі судың минералдылығына байланысты, чектен
қашыртқа суын сол көлемде (50%) 4 рет шығарып тастау керек. Өзек тартып,
балауызданып пісе бастаған кезеңдерінде, топырақтың жоғарғы қабатының
тұщыландырылуы жетерліктей болуы үшін жəне чектегі судың минералдылығы
кажетті шектен аспаған жағдайда, чектегі судың қабаты 15 см болып тұрады (1
сурет).

                       3.3. Күріштің суғармалау мөлшері
    Күріштің суғармалау мөлшері деп 1 га ауданды күріш танабына вегетация
кезеңінде берілетін судың көлемін айтады. Суғармалау мөлшерлері м3/га-мен
өлшенеді. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарына қарағанда күрішті суғарғанда
су көп жұмсалады. Күріштің суғармалау мөлшері (Мр) келесі көрсеткіштердің
қосындысынан құралады:
    Mр= m1+ m2+ m3+ m4;
    мұндағы m1 – жер бетінен су өтпейтін қабатқа дейінгі топырақ қабатын
сумен толық қанықтыруға шығындалатын су мөлшері, м3/га;
    m2 – транспирацияға, топырақ пен су бетінен булануға шығындалатын су
мөлшері, м3/га;
    m3 – топырақ грунтының сүзілуіне шығындалатын су мөлшері, м3/га;

                                     10
m4 – технологиялық жəне өнімсіз қашыртқыларына шығындалатын су
 мөлшері, м3/га.
      Алғашқы су бастыру кезеңінде күріш танабының топырақ грунттары
 ылғалмен қанығады. Қанығуына қажетті су көлемі m1 топырақ грунттарының
 су-физикалық қаситеттеріне (тығыздығы, ылғалдылығы жəне т.б.) жəне суға
 бастыру алдындағы ыза суы деңгейінің орналасуына байланысты.
 Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарында топырақ грунттарының ылғалмен
 қанығуы үшін шығындалатын нақты су көлемдері 1850 м3/га-дан 6400 м3/га-ға
 дейінгі мəндер аралығында болады.
      Топырақ пен су бетінен булану олардың температурасына, ауаның
 ылғалдылығына жəне желдің жылдамдығына байланысты. Транспирация күріш
 көктеп шыға бастағаннан бастап, өсімдіктің вегетативті массасы əрі қарай
 өскен сайын артады. Республикамыздың күріш өсіретін аудандарында күріштің
 суды тұтыну жиынтығына (m2) шығындалатын (булану+транспирация) су
 мөлшері 7410 м3/га-дан 12600 м3/га-ға дейінгі аралықта өзгереді.
      Қазақстанның күріш жүйелерінде сүзілуге шығындалатын су мөлшері 3500
 м /га-дан 8700 м3/га-ға дейін өзгереді. Күріш чектерінде технологиялық жəне
   3

 өнімсіз қашыртқы суларының шығындары күріштің суғару тəртібімен жəне
 күрішті өсірудің қабылданған агротехникасымен анықталады. Мысалы,
 тұзданған жерлерде өсіріліп жатқан күрішті қоректендіргенде немесе танапты
 гербицидтермен өңдегенде, қашыртқы суларының толық немесе жарым-
 жартылай шығарылып тасталынуы, сонымен қатар күріш чектерін күзде
 құрғатар алдында қашытрқы суларының сыртқа шығарып тасталынуы. Бұған
 чек құрылымдары, суғару каналдары арқылы жəне кездейсоқ қашыртқыға
 кететін су шығындары да жатады.
      Қазір республикамыздың күріш өсірілетін аумақтарында суғармалау
 мөлшерінің (нетто) мəні 17,4 мың м3/га-дан 26,6 мың м3/га-ға дейін болады.
 Қазақстанның күріш өсіретін негізгі аудандарында суғармалау мөлшерін
 құрайтын элементтердің мəліметтері 2 кестеде көрсетілген
 2 кесте – Күріштің суғармалау мөлшерін құрайтын элементтер (нетто), м3/га

                Топырақ               Булану мен Технологиял     Суғармалау
 Суғармалау
               грунттары-   Сүзілу транспираци ық қашыртқы        мөлшері
   аумағы
              ның қанығуы                  я         сулар         (нетто)
     1             2           3           4           5              6
                         Оңтүстік Қазақстан облысы
Қызықұм         2100-2700 7800-8800 11100-12600 1200-2000        22200-26100
                                                   3500-2500     24500-26600
                            Қызылорда облысы
Жаңақорған-     2400-3000 7000-7900 10400-11800 2000-2800        21800-25000
Шиелі                                              4500-3500     24300-26200
Қызылорда       2500-3100 6500-7300 9700-10800 2600-3000         21300-24200

                                     11
5400-4500    24100-25700
Қазалы-Арал     2600-3200    6300-7100 9000-9900     3000-4000    20900-24200
                                                     7200-5400    25100-25600
                               Алматы облысы
Ақдала          1700-2100    6500-7000 8100-9200     2700-3100   19000-21400
                                                     6000-5000   22300-25300
Қаратал        1800-2200 5700-6400 7900-8900 2000-3000           17400-20500
                                                     5500-4500   20900-22000
     Ескерту: бөлшектің алымында тұзданған жəне əлсіз тұзданған жерлердегі
 суғармалау мөлшері; бөлімінде тұзданған жерлердегі суғармалау мөлшері.

      Кестеде келтірілген күріштің суғармалау мөлшерлерінің (нетто) мəндері
 күріш танабындағы нақты шығындалатын судың мөлшері, яғни суды жеткізетін
 желідегі шығындар есепке алынбаған. Күріштің брутто суғармалау мөлшерінің
 мəніне жүйенің сапасы мен техникалық жетілгендігі, жүйені пайдалану
 дəрежесі мен суды тұтынушылардың судың шығындалуына қатысы əсер етеді.
 3 кестеде күріш өсіретін аумақтардың тұзданбаған жəне тұзданған жерлеріндегі
 күріштің брутто суғармалы мөлшерлерінің мəндері келтірілген.


 3 кесте – Күріш өсірілетін аумақтар бойынша күріштің суғармалау
 мөлшерлерінің мəндері, м3/га

                                  Күріштің суғармалау мөлшері
                               нетто                        брутто
  Күріш өсірілетін
                   Тұзданбаған жəне Тұзданған Тұзданбаған жəне Тұзданған
     аумақтар
                   нашар тұзданған топырақ- нашар тұзданған топырақ-
                     топырақтарда      тарда      топырақтарда     тарда
 Қызылқұм               22300          26600          27300        35000
 Жаңақорған-Шиелі       21800          26200          29500        34500
 Қызылорда              21300          25700          30000        36200
 Қазалы-Арал            20900          25600          29900        36600
 Ақдала                 21000          25300          26700        33700
 Қаратал                17900          22000          22700        27900

     Зерттеулер нəтижелерінің көрсетуінше, күрішті сумен бастырудың тиімді
 режимдері ендірілсе, судың пайдаланылуы реттестірілсе, тұзданбаған
 жерлердегі кəріздік-қашыртқы желілерінде тіреуіштер орналастырылса, суғару
 желісіндегі каналдарда судың сүзулуіне қарсы шаралар жүргізілсе, онда қазіргі


                                      12
кезде қолданылып жүрген күріштің суғармалау мөлшерлерін бір шама азайтуға
болады.
     Гидромодуль. Күріштің суғармалау мөлшері вегетация кезеңінде күріш
танабындағы судың қажеттігін көрсетеді. Гидромодуль – бұл бір гектар
суармалау ауданына уақыт бірлігінде берілетін су шығыны, л/с га-на өлшем
бірлігімен көрсетіледі. Гидромодуль графигі оның уақыт бойынша бөліп
таралуын анықтайды. Сондықтан гидромодуль графигі суғаруға бөлінбейді,
керісінше үздіксіз болады. Күрішті өсіруде судың ең көп шығындалатын кезеңі
– чектерде алғашқы су бастыру кезеңі. Бұл кезеңде гидромодуль ординатасы ең
үлкен мəнге ие болады, ал кейін оның мəні күріш чектеріндегі су қабатына
сəйкес болады. Суғару каналдарындағы су горизонтының суғармалы танаптың
үстінен басшылық жасау шарттары анықталады. Алғашқы су бастыру мен
күріш чектеріндегі су қабатын бір қалыпты ұстап тұру кезеңдерінің
гидромодуль графиктері суғару тəртібіне жəне күріштің өсіру агротехникасына
байланысты. Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарындағы, осы аталған
кезеңдер үшін, гидромодуль ординатасының мəндері 4 кестеде келтірілген.
     4 кестенің көрсетуінше, күріш чектерінің алғашқы сумен бастыру
кезеңінде гидромодульдің ең үлкен мəні Қызылорда суғармалау аумағында –
16,8-16,9 л/с га-на ал ең кіші мəні Ақдала суғармалау аумағында байқалады –
9,7-9,73 л/с га-на. Ал чектерде су қабатын бір қалыпты ұстаған кезеңде
гидромодульдің ең үлкен мəні Ақдала аумағында – 4,0 л/с га-на, ал ең кіші мəні
Қызылкұм аумағында – 1,8-2,0 л/с га-на болады екен.
4 кесте – Күріш чектері мен жүйелеріндегі судың берілуінің гидромодулі, л/с
га-на

                                       Алғашқы сумен    Су қабатын бір
Суғармалау                                 бастыру      қалыпты ұстау
            Сумен бастыру режимдері
аумақтары                           чек-те     күріш   чек-те күріш
                                             жүйесінде       жүйесінде
           Қысқа мерзімге сумен
                                     16,8       4,1      1,9     1,9
Қызылорда бастыру
           Сумен тұрақты бастыру     16,9       4,8      2,0     2,1
           Қысқа мерзімге сумен
                                     11,6       2,5      1,8     1,8
Қызылқұм бастыру
           Сумен тұрақты бастыру     11,9       4,2      2,0     2,0
           Қысқа мерзімге сумен
                                      9,7       2,5      4,0     4,0
Ақдала     бастыру
           Сумен тұрақты бастыру     9,72       4,2      4,0     4,0


                                     13
Күрішті сумен бастырған кезде суғару кезеңі мен фазалар аралық кезеңдер
бойынша, су көлемін анықтау өте маңызды. Қысқа мерзімге сумен бастыру
кезінде суғару кезеңі чектердің алғашқы сумен бастыруынан дəннің
балауызданып піскеніне дейін созылады. 5 кестеде мысал ретінде Қызылқұм
суғармалау аумағы үшін, күріш чегі мен жүйесіндегі өсімдіктің даму фазалары
бойынша, гидромодуль ординатасының жəне суғару мөлшерлерінің мəндері
келтірілген.
5 кесте – Күріштің даму фазалары бойынша күріш чектеріне берілетін
гидромодуль мəндері
                                                                              Гидромодуль,
                                                       Ұзақты- Тұтынатын
 Күріштің даму                                                                     л/с га-на
                       Күріштің суғарылу кезеңдері      ғы,     су көлемі,
      фазалары                                                                           күріш
                                                       тəулік      м3/га     чекте
                                                                                      жүйесінде
          1                         2                    3          4         5          6
Өнуі                  Алғашқы сумен бастыру              2        2560       14,8         3,9
                      Су қабатын тұрақты ұстау           2        1,160       6,7
                      Судың берілуін тоқтату             4          -          -
                      Су қабатын тұрақты ұстау           6        1000       1,93
Көктеуі               Гербицидтермен      өңдегеннен
                                                         2        1580       9,10         2,8
                      кейін сумен бастыру
                      Су қабатын тұрақты ұстау           7        1070       1,80

5 кестенің жалғасы
          1                         2                    3          4         5            6
Көктеуі               Су қабатын азайту                  9        1700       2,20
Түптенуі              Су қабатын тұрақты ұстау           29       5250        2,0         2,2
Сабақтануы            Су қабатын көбейту                 5        1520        3,5         2,2
                      Су қабатын тұрақты ұстау           23       4060        2,0
Бас    алуы      мен Су қабатын тұрақты ұстау
                                                         10       2000        2,3         2,2
гүлденуі
Сүттеніп пісуі        Су қабатын тұрақты ұстау           14       2620        2,2         2,2
Балауызданып          Су қабатын азайту                  7          -          -           -
жəне толық пісуі      Чектерді құрғату                   16         -          -           -


     Күріштің даму фазаларының гидромодульдерінің, күріш ауыспалы
егістігіндегі ауыл шаруашылық дақылдары құрылымының негізінде, күріш
карталарына судың берілуінің графиктері анықталады жəне жалпы жүйе
көлемінде суды жоспарлы түрде пайдаланылуы іске асырылады.


                                               14
4. Күрішті суғару техникасы

     Күріш танабында үйлесімді су режимінің жасалынуы мен үзілмей
сақталуының күріштен жоғары өнім алуда маңызы зор. Бұл режим чектердің
сумен бастырылуының дайындығына, суғару желісіне,сонымен қатар сумен
бастыру техникасы мен күрісшілер жұмысының ұйымдастырылуына
байланысты.
     Күрішші өз учаскесін жақсы білуі керек. Танапты сумен бастыру
дайындығын күрішші күріш жиналған соң бастауы керек. Себу алдында суғару
желісін толық жөндеп, арам шөптерден жəне шөгінділерден тазарту керек.
Машиналармен топырақты өңдеу кезінде бұзылып кеткен тұрақты жалдарды
уақытылы тұрғызу керек. Сумен бастыруға дейін барлық су беру
құрылымдарының күйін тексеріп, суды чектен қашыртқыға беретін
құрылымындарын жауып тастау керек. Сонымен қатар күріш ауыспалы
егістігіндегі   дақылдар     танаптарын     қоршайтын      кəріздік-қашыртқы
каналдарынан     басқа,   қашыртқы      каналдарының      құрылымдарындағы
қалқандарды (егер топырақтар тұзданбаған болса) жауып тастау керек.Əр чекке
су өлшейтін бағандар (рейкалар) дайындап қою керек. Күрішті сеуіп сумен
бастыру арасындағы уақыт ұзақ болмау керек, себебі ылғалдылығы өзгермелі
жағдайға, сонан кейін топырақтың тез құрғап кетуіне тап болған тұқымдар
өнуін жоғалтып, көктеп шыққын күріш сирек, арам шөптермен əсіресе
күрмекпен ластанады.
     Əр чекте судың деңгейін бақылап тұру үшін, біліктің жанында су өлшейтін
бағандар орнатылады. Бағандарды алғашқы сумен бастыру кезеңінде, яғни чек
сумен жартылай толтырылған кезде, орнатады. Су өлшейтін бағананы ашық
түске бояйды, оны су берілетін құрылымның жанына, көрінетін жерге
орнатады. Чектің сумен бастырылған бөлігіндегі су деңгейі бағанадағы нөл
көрсеткішіне сəйкестендіреді. Күрішші күн сайын үнемі чектегі су қабатының
деңгейін бақылап отыру керек. Сумен бастыру тəртібінің сақталуы көбінесе су
қабатының дұрыс есепке алынуына байланысты, алынатын күріш өнімі де осы
су қабаты деңгейін бақылауда алынған мəліметтерге байланысты.
     Алғашқы сумен бастыру. Сумен бастыруға бір тəулік қалғанда күрішші
су алуға мəлімдеме жасайды. Бұл уақытта күрішші суды қабылдауға жəне оны
карталық қарықтан чектерге жылдам таратуға дайын болуы керек. Суды
қарықтан су алатын барлық чектерге бере беруге болмайды, себебі бұл кезде су
шығыны мен арыны азайып, су чектерге əрең беріледі. Алғашқы сумен
бастыруды картаның төменгі жағында орналасқан чектерден бастау керек. Бұл
чектерге су тұқымның шайылып кетуін болдырмай тездетіп беріледі (60-80 л/с).
Суғарудан кейін жəне төменгі чектерде қажетті су қабаты пайда болған соң,
биік чектерді суға толтырады. Алғашқы сумен бастыру кезеңінде күрішші
                                    15
чектердегі су деңгейін мұқият бақылап жүру керек, яғни судың жалдар арқылы
сыртқа ағып кетуін болдырмау керек. Себебі желден пайда болған толқындар
көктеп шығып келе жатқан күрішті жұлып, күріш егісін сиретуі мүмкін.
Сонымен қатар күшті толқын соққысы біліктерді бұзады, ал оларды суғару
кезеңінде қалпына келтіру өте қиын.

     5. Күріш ауыспалы егістігіндегі ілеспелі дақылдардың суғару тəртібі
                            мен техникасы.

     Күріштің ең жақсы алғы дақылдарының бірі – жоңышқа. Сонымен қатар
жоңышқа азықтық дақылдардың ішінде ауыл шаруашылық малдарының
барлық түрлері үшін ең құндысы болып саналады. Жоңышқа топыраққа
жағымды əсерін тигізеді, оның су-физикалық қаситеттерін жақсартады,
құнарлығын арттырады жəне күріш дақылының өнімділігінің өсуіне қолайлы
жағдайлар туғызады. Ғылыми мекемелердің жəне өндірістік тəжірибелердің
мəліметтерінің көрсетуінше, Қазақстанның күріш жүйелерінде жоңышқа өнімін
гектарына 100 центнер жəне одан да көп алу мүмкіндігі бар. Жақсы дамыған
жоңышқа өсімдігі тамырлардың үлкен масасы мен бидай сабақтарының
қалдықтарын топырақтың бойына жинайды. Бұршақты шөптер қалдықтарының
ыдырауы топырақтың жыртылатын қабатын азотпен жəне өсімдіктің басқа да
қоректік элементтерімен байытады. Екі жыл ішінде жоңышқаның өсірілуі
топырақтың бойындағы азот мөлшерін гектарына 250-300 кг дейін жеткізеді.
     Жоңышқа тамырларындағы қоректік заттар қорының ең аз мөлшерде
болуы өсімдік өскенде байқалады, яғни тармақтарының вегетациялық дамуына
қоректік заттар қарқынды жұмсалады. Гүлдегенде жасыл массасының өсуі
тоқталады да, өсімдіктің жер беті бөлігіндегі пластикалық заттар тамырына
қарай өте бастайды. Бұршақтар пайда болған кезеңде бұл заттардың тамырдағы
қоры қайтадан азаяды, ал тұқымдары пісерде қайтадан шұғыл түрде көбееді.
Осыған байланысты гүлдеу алдында орылған жоңышқаның              тамырында
пластикалық заттардың үлкен қоры жиналады, яғни жаңадан бас көтеретін,
келесі орым өсімдік тармақтарының тез өсіп шығуына ықпалын тигізеді. Бұл
жоңышқаның гүлдеу алдындағы фазасында орылатыны орынды екенін
көрсетеді. Сондықтан топырақтың бойында пластикалық заттардың мол қоры
жиналуы үшін, күріш жүйелеріндегі бірінші жылғы жоңышқанының 2 толық
орымын өткізген дұрыс, ал екінші жылғы жоңышқаны кемінде 4 рет орған жөн.
     Суғару тəртібі. Күріш жүйелеріндегі жоңышқа өсімдігін сумен
қамтамасыздандыруда ыза суы үлкен ықпалын тигізеді, себебі олардың режимі
төңіректе өсірілетін күріштің суғарылуымен тығыз байланысты. Күріш танабын
сумен бастыруға дейін, ыза суы жер бетінен 2,0-2,5 м тереңдікте орналасады.
Күріш чектеріне мамыр айынан бастап тамызға дейін судың берілуі ыза суының
                                    16
барлық жерде белгілі бір деңгейге дейін көтерілуін (1,3-1,5 м) əкеліп соғады,
ыза суының осы деңгейі күріштің барлық вегетациялық кезеңінде бір қалыпты
болады. Күріш чектерінен су сыртқа шығарылып тасталынған соң, ыза суының
деңгейі біртіндеп түсе бастайды. Бұл сулардың деңгейінің төмен түсуі
көтерілуіне қарағанда баяу жүреді.
     Жоңышқаның вегетациялық кезеңінің басында, ерте көктемде, ыза суы аз
мөлшерде қолданылады. Сондықтан бұл кезде судың тапшылығын суғарумен
өтеу керек. Вегетация кезеңінің басынан бастап, ыза суының деңгейі
қалыптасқанға дейін, жоңышқаның су тапшылығы орташа есеппен 50-70 мм
құрайды. Ал жоңышқаның келесі даму кезеңдерінде, ыза суы өсімдікті сумен
қамтамасыздандыруда үлкен ықпалын тигізеді.
     Республикамыздың күріш өсірілетін аудандарында ыза суы деңгейінің
тереңдігіне жəне өсімдіктің жасына байланысты 1 реттен бастап 5 рет суғару
жүргізу керек. 6 кестеде ыза суы деңгейінің тереңдігіне байланысты,
республиканың негізгі күріш өсірілетін аудандары үшін, бірінші жəне екінші
жылғы жоңышқаның суғару тəртібі ұсынылуда.
6 кесте – Күріш ауыспалы егістігіндегі жоңышқаны суғару тəртібі

   Əкімшілік      Күріш чектерін    Суғару- Суғару Суғарма Алғашқы
   облыстар     сумен бастырған-нан    лар  мөлше-     лау   суғарудың
                    кейінгі ЫСД       саны     рі,  мөлшері, болжамды
                                               3
                    тереңдігі, м              м /га   м3/га   қ мерзімі
       1                  2             3       4       5         6
                       Бірінші жылғы жоңышқа үшін
Алматы                   1,5            1     1000    1000      10.05-
Қызылорда                                                       15.05
                         2,0            2     1000    2000

 6 кестенің жалғасы
        1                  2              3        4       5            6
Оңтүстік                  1,5             2      1000    2000      5.05-10.05
Қазақстан                 2,0             3      1000    3000
                 Екінші жəне келесі жылдардағы жоңышқа үшін
Алматы                    1,5             1      1000    1000
Қызылорда                 2,0             2      1000    2000        15.05-
                                                                     20.05
                         2,5              4      1200      4800
Оңтүстік                 1,5              2      1000      2000
Қазақстан                2,0              3      1200      3600    5.05-10.05
                         2,5              5      1200      6000



                                     17
Республикамыздың күріш өсірілетін əр түрлі аудандарында жүргізілген,
күріштің ауыспалы егісіндегі жоңышқа өсірілетін            танаптағы топырақ
ылғалдылығының динамикасын бақылауда, бірінші суғаруды сəуірдің
ортасында немесе аяғында жүргізу керек екендігі байқалады. Алайда, күріш
ауыспалы егістігіндегі дақылдарды суғару технологиясының ерекшеліктерін
ескере отырып, жоңышқаның бірінші суғаруын күріштің алғашқы сумен
бастыру кезеңінің алдында немесе одан кейін жүргізу керек, яғни чектердегі су
қабатын бір қалыпты ұстап тұрған кезеңінде жүргізген жөн. Бұл кезде
күрішшілердің жұмысы азаяды жəне қарықтардың су өткізу қабілеті сақталады.
     Жоңышқаның бірінші суғарылуының белгіленген мерзімі орташа есеппен
Оңтүстік Қазақстан облысының күріш өсірілетін аумақтарында сəуірдің
басында (күрішті сумен бастырар алдында) жəне мамырдың ортасында (күрішті
сумен бастырып болған соң), ал Алматы мен Қызылорда облыстарында
мамырдың басында жəне ортасында болады. Келесі суғарудың мерзімін
орымдар уақытына туралайды. Суғаруды орып болған соң 5-8 күні жүргізген
дұрыс. Орымға бір суғарудан келеді.
     Бірінші жылғы жоңышқа егісінде суғаруды ыза суының тереңдігіне
тəуелсіз, өсімдікті суғару ағыншасымен жуылып кетуінен сақтау үшін,
бұтақтану фазасына туралап, яғни өсімдіктің биіктігі 7-10 см жеткенде
жүргізеді. Ал екінші рет бірінші орымнан кейін суғарады. Сонымен, бірінші
жылғы жоңышқаның бірінші орымының қалыптасуына, екі вегетациялық
суғару жүргізу қажет.
     Суғару техникасы. Жоңышқа суды жақсы көреді, алайда ұзақ уақыт
сумен бастыруда, əсіресе ауаның температурасы жоғары болған жағдайда
өсімдік құрып кетеді. Республикамыздың күріш өсіретін аумақтары үшін,
жоңышқаның сумен бастыруының аумалы ұзақтығы, яғни біраз өсімдіктің
құрып кететін кезі, бірінші жылғы жоңышқада бұтақтану фазасында 22-25
сағат, бутондануы фазасында 30-35 сағат жəне екінші жылғы жоңышқада
орғаннан кейін қайтадан тармақталуында 2 тəулікке дейін болады.
     Күріш жүйелерінде құлақарықтан чекке су беретін құрылғылар арнайы
диаметрі болатын түтіктер түрінде орналастырылады. Мысалы, диаметрі 189
мм болатын су беретін құрылғылар, құлақарықтағы су мен чектегі су
горизонттарының айырмашылығы 15-20 см болса, 30-35 л/с су өткізеді, яғни
тəулігіне 2600 м3 көлемінде су береді. Орташа суғару мөлшері 1000-1200 м3/га
болса, ауданы 3 га болатын чектің сумен толтырылуы 30 сағатқа, ал 4 га болса 2
тəулікке дейін созылады. Бұл өсімдіктердің құрып кетуіне əкеп соқтырады.
Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін, суғаруды жинақталған
ағыншалармен жүргізу керек.
     Чекке суды тез жіберу үшін, суғару ағыншасының мөлшері 1 гектарға 40-
50 л/с кем болмау керек. Яғни, 3 гектарлы чекке қажетті су шығыны 120-150 л/с
құрайды. Бұл кезде чектің суға толытрылуы 8-10 сағатқа созылады. Чектердің
тегістігі нашар болған жағдайда өзіндік суғару ағыншасының мөлшерін
көбейтіп 1 га 60-70 л/с дейін жеткізуге болады. Егер чектердегі су беру
құрылғылары гектарына 40-50 л/с өзіндік шығынын беруді қамтамасыз етпесе,

                                     18
онда ілмелі жəне қозғалмалы сорғылар стансасын пайдаланған жөн немесе
құлақарықтан чекке су беретін қосамша құрылғыларды орнатқан жөн.
     Күріш ауыспалы егістігінде, кəдімгі сумен бастырудан өзгеше болатын,
жоңышқаны суғарудың ең қарапайым жəне өнімді əдісі - чектер бойы суды
ағызу болып табылады. Бұл əдісте чек бойымен сумен бастырудағыдай су
қабаты жасалынбайды, себебі ауыр топырақтар жағдайында Қазақстанның
күріш жүйелерінде бұл бүкіл жоңышқаның судан былжырап кетуін туғызады.
Чек ауданының 2/3-3/4 бөлігі суарылғаннан кейін чектергі судың берілуін
тоқтатады. Чектің қалған бөлігінің ылғалдануы судың əрі қарай ағуының
нəтижесінде іске асырылады. Чек ауданы бойынша судың тез, əрі біркелкі
таралуы үшін жəне сіңбей қалған суды чектен шығарып тастау үшін чектің
периметрі бойынша бір ернеулі жүйек кесіледі. Суғару процесінде осы бір
ернеулі жүйекке есептелінген су шығыны беріледі. Жүйектен су асып түскен
соң, əрі қарай біркелкі, периметр бойынша таралады. Чектің бетінде су қабатын
жасауға болмайтынын ескеру қажет. Күрішші чектің «суға батырылып»
кетпеуін жəне жоңышқаның құрып кетпеуін қадағалау керек. Егер чек
ауданының 2/3 немесе 3/4 бөлігін су қаптаса, құлақарықтардағы су беретін
құрылғыларды мұқият жауып, судың берілуін тоқтату керек, себебі суғарылған
чектер келесі чектерді суғарғанда қайтадан суға батып қалуы мүмкін.
     Чек суға толық батырылған соң, чектердегі су жіберетін құрылғыларды
ашып, сіңбеген суды қашыртқыға жіберу керек. Судың сыртқа жіберілуі 6-7
сағатқа созылады. Бұл судың көлемі микрорельефтің тегістелген жағдайында,
жалпы берілген судың 15-20% құрайды. Чектің суғарылу уақыты, яғни судың
беріле бастағанынын, қашыртқыға жіберілуінің аяғына дейінгі аралық 15-17
сағаттан аспау керек, ал толық қанығуына 25-30 сағат қажет.
     Су жақсы таралуы үшін, сонымен қатар топырақ біркелкі ылғалданып,
ауданы 2 га асатын чектердегі суды төмендету үшін, себілетін жыралар мен
жүйектер арқылы суғарған жөн. Жоңышқа өсетін чектерді күзде немесе
көктемде дайындайды. Себер алдында чектердің бетін тегістеп болған соң,
чектер периметрі бойынша тереңдігі 25-30 см болатын бір ернеулі жүйек
кесіледі. Сонымен қатар чектің ішінде грейдерлермен құлақарықтан қашыртқы
каналына дейін бағытталған, аралары бір-бірінен 30 м, тереңдігі 10-12 см,
құламалары 1:20 болатын жайпақ жыралар кесіледі. Содан кейін жоңышқа
жыраларға да себіледі. Чек ауданы 20 га кем болатын жағдайда тек бір ернеулі
жүйек қана кесілсе болады. Барлық жағдайларда чектің беті мұқият тегістелуі
керек.
     Жоңышқаны сеуіп, артынша аралығы 20-25 м болатын құлақарықтан
қашыртқы каналдарына қарай бағытталған, суды алып шығатын жүйектер
кесіледі. Жоңышқаны суғарарда жыралар болмаса, осы жүйектер арқылы
суғарса да болады. Бұл жүйектердің ені 16-18 см, тереңдігі 20-30 см болады.
Жүйектер БКН катокты жүйек жасағыштармен кесіледі. Жыралар арқылы
суғарғанда, есептелінген су шығыны жыраларға жəне бір ернеулі жүйектерге
бірден беріледі. Жыралар суға толтырылған соң, су сыртқа қарай екі жағынан
біркелкі ағады. Чектерге судың берілуі тоқтатылған соң, сіңірілмей қалған су
микро төмендіктен жыраға (жүйекке) ағып, чектің сыртына шығарылады.
                                     19
6. Көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясы.

     Дүние жүзілік күріш өсіру тəжірибесінде күрішті себу мен отырғызудың
екі технологиясы бар: «құрғақ» жəне «сулық». «Құрғақ» технология құрғақ
топыраққа тұқымды механизация көмегімен сеуіп, артынша себілген чектерді
сумен бастыруға негізделген. «Сулық» технологияда арнайы питомникте
өсірілген күріш көшеттерін сумен бастырылған чектерге отырғызады.
     Дүние жүзіндегі күріш егісінің 90% астам аудандарында көшеттеп
отырғызылған күріш өсіріледі. Бұл технологияның артықшылығы:
     - суғарғанда су 30% дейін үнемделеді;
     - күріштің өнімділігі 15-20% артады;
     - арам шөптермен күресу шаралары ойдағыдай өтеді;
     - аудандары ауқымды болатын чектердің сумен бастырылу кезеңі
        қысқарады.
     Бұл технологияның негізгі кемістігі – оның «қымбатшылығы», яғни
күрішті көшеттеп отырғызудың механикаландырылмаған əдісі көп еңбек
сіңіруді қажет етеді. Көшеттеп отырғызу əдісінде 1 т күріш дəніне жұмсалатын
еңбек шығыны 70-120 адам-күн болса, күріш өсірудің «құрғақ»
технологиясында (механикаландырылған) еңбек шығыны 20-30 адам-күн
құрайды, немесе «сулық» технологияға қарағанда 3-4 есе кем болады.
     Қазақстанда көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясының
ауқымды өндірістік тəжірибесі жоқ, сондықтан бұл технологияны басқа
елдердің тəжірибесіне жүгініп сипаттауға болады. Көптеген елдерде күріш
көшетін өсіру үшін, питомник ретінде бір чек немесе ені 1-2 м, ал ұзындығы əр
түрлі болатын, чектің бір бөлігі ғана қолданылады. Бөлек-бөлек болатын
жолақтардың арасында немесе жолақтар шекарасымен тереңдігі 25-30 см
болатын жүйектер салынады. Бұл жүйектер су режимін реттестіріп тұрады.
Кавказ күнгейінде күрішті отырғызу үшін 1 гектарда ауданы 30-40 м2 болатын
арнайы алаң орналастырылады. Жапонияда көшет отырғызуға арналған
учаскені ені 1-2 м болатын жолақтарға бөледі. Жолақтардың беті күріш
танаптарының бетінен 5-7,5 см биік болады. Жолақтарды суғару арықтарымен
қоршайды. 0,1 га күріш танабына көшет өсірілетін питомниктің ауданы 33-49
м2 құрайды. Сонымен 1 га күріш плантациясына ауданы 400 м2 болатын
питомник қажет. Ал питомниктің конструкциясы жəне оның қолданылу тəртібі
бұрыннан күріш өсірумен айналысатын барлық елдерде бірдей.
     Питомниктегі топырақты өңдеуде мұқият тегістеу, терең жырту, тырмалау,
қопсыту, жəне тыңайту жұмыстары кіреді. Питомниктегі топырақ өңдеудің
мақсаты – біркелкі көктеп шығуына жəне əрі қарай өсімдіктің дамуына ең
қолайлы жағдайлар туғызу, яғни мықты, əрі сау көшеттердің алынуын
қамтамасыз ету.
     Күрішті себу мөлшері əр түрлі болады жəне көптеген факторларға
байланысты анықталады. Мысалы, Кавказ күнгейінде 30-40 м2 алаңға 100-120
кг тұқым себіледі. Алаңша 1 га күріш плантациясына қажетті болатын күріш
көшеттерімен қамтамасыз етеді. Кейде мұнда өте үлкен мөлшерде күріш
                                     20
тұқымы себіледі, оның салдарынан питомникте бір келкі тұқым қабаты пайда
болады. Жапонияда себу мөлшерін 3,3 м2 ауданға литрмен өлшенеді.
Суғарылатын питомниктерде себу мөлшері 0,37-0,54 л құрайды, яғни бұл 1 га
54-72 л сəйкес. Су жетіспейтін аудандарда себу мөлшері аз болады – 3,3 м2
ауданына 0,18-0,36 л тұқым. Осы мəліметтердің көрсетуінше күріш көшеттері
өсірілетін питомниктердегі себу мөлшері мəндерінің диапазоны кең: біркелкі
тұқым қабатынан бастап ең аз мөлшерге дейінгі (3,3 м2 ауданына 0,18 л)
аралықта болады. Себу мөлшері топырақтың құнарлығымен, себілетін
материалдың сапасымен жəне еңбек ресурстарымен қамтамасыз болуымен
анықталады. Ява аралығында ылғалданған күріш тұқымдарын себеді. Ол үшін
сапалы себілетін тұқымдарды кəрзеңкеге салады да, осы кəрзеңкені 2-3 күнге
ағып жатқан суға малады. Мұнда тұқымдар жақсылап ісініп, көктей бастайды.
Себер алдында бір-біріне жабысып қалмас үшін жəне зяинкестерден қорғау
үшін ,тұқымдарды күлмен араластырады. Ауданы 14 м2 болатын алаңға 1 кг
тұқым шығындалады.
     Питомниктің суғару тəртібі де бірдей емес. Көбінесе жақсы нəтижелер бір
рет ылғалданған топырақтарда алынады. Кейбір елдерде питомниктерде
тұқымды сеуіп болған соң, біртіндеп су қабатын құрайды, көктеп шыға
бастаған соң суды чектен шығарып тастайды. Көктеп шыққан күрішті су
қабатынсыз бірнеше сағатқа қалдырады, себебі          көктеп шыққан күріш
құрғатылған топырақта ұзақ уақыт болуы керек. Құрғатылған питомникті
қайтадан сумен 1 см етіп толтырады. Бұл топырақ бетінде су болмаған кезде
топыраққа оттегінің енуіне қолайлы жағдай болатынымен түсіндіріледі. Басқа
елдерде (Италия, Испания) күрішті сеуіп болған соң, арам шөптермен күресу
үшін жəне температура режимін реттестіру үшін, сумен терең бастырады.
     Азия елдерінде сапалы көшет алу тəжірибесінің көрсетуінше, сумен
бастырылған топырақтағы күріштің көктеп шығу жылдамдығы, ылғалданған
топыраққа қарағанда, төмен болады екен. Топырақтың ылғалдылығы ең төменгі
ылғал сыйымдылығынан 80-90% болған кезде күріш тұқымының көктеуі
баяулайды. Ылғалдылығы шамадан тыс көп болған кезде түбінің орнына
бүршігі, калеоптиль дами бастайды. Сонымен, күріш көктегенде топырақ
ылғалды болған жөн, яғни сумен бастырудың қажеті жоқ. Көктеп шығу
фазасының аяғында жағдай өзгереді: мұнда өсімдікке ең қолайлысы су қабаты
болып табылады. Судың жіңішке қабаты (1 см), судың қалың қабатына (20 см)
қарағанда, құрғақ заттар қорының жиналу қарқындылығына сəйкес болады.
     Сонымен, питомниктерді суғарудың ең қолайлы тəртібі – жолақ периметрі
бойынша орналасқан, сумен толтырылған арықтардан (жүйектерден)
жіберілетін су топырақ бетін бастырмайтындай болуы керек. Суды арықтар
(жүйектер) арқылы, яғни арықтағы судың деңгейін біртіндеп көтеріп, береді. Су
топырақтың бетіне берілгенше жүйектерде болады. Тұқымдар көктеп шыққан
соң, тамырларын оттегімен байыту үшін, су деңгейін азайтады. Өсімдік жақсы
тамырланған соң, питомникті сумен ұзақ уақытқа бастырады. Суғарғанда суды
бірнеше рет ауыстырып тұрады.
     Топырағы тұзданған аудандарда (Кавказ күнгейі) күрішті суға отырғызады.
Суды жиі ауыстырып тұрады жəне бүршіктеніп шыға бастағанға дейін 3-5 см су
                                     21
қабатын бір қалыпты ұстап тұрады. Содан соң өсімдік жақсы тамырлануы үшін,
топырақты құрғатады. Кейін күріш өсімдігін өз биіктігінің жартысына дейін
сумен бастырылатындай етіп, су қабатын құрайды. Күріш көшеттері
дайындауда операциялардың барлығына 20-25 күн кетеді.
     Күріш өсімдігін оттегімен жəне ылғалмен ең көп мөлшерде
қамтамасыздандырылған кезде, ең жақсы көшет алынады жəне питомниктердің
өлшемдерінің мəні ең кіші болады. Сонымен, күріш көшетін өсірерде су
режимі ауыспалы болуы керек: бүршіктенгенде топырақты ылғалдандыру
керек жəне көктеп шыға бастағанда судың қабаты жіңішке болуы керек.
     Күріш көшетінің ең маңызды кезеңі - өсімдікті отырғызу. 5-7 жапырағы
пайда болған жас өсімдіктерді отырғызатын күні немесе оның қарсаңында
топырақтан жұлып алады. Жұлынып алынған өсімдіктерді бауға түйеді де,
танапқа əкеліп, белгілі бір сұлба бойынша отырғызады. Күріш өнімділігін
арттыру үшін əр түрлі əдістерді қолданады: көшеттің жапырақтарының бір
бөлігін қырқу, тыңайту үшін арнайы қоспаға тамырларын салу. жəне т.б.
     Көшеттерді қатарлап отырғызады. Əр шұңқырға 2-ден 4-ке дейін немесе
одан да көп өсімдіктен отырғызады. Шұңқырлар арасы 20-30 см болады. Ерте
пісетін сорттарды қалың етіп отырғызады, кеш пісетін сорттарды сирек (ерте
пісетіндер – 12-15 см, орташа пісетіндер – 15-20 см, кеш пісетін қатты
бұтақтанатын сорттар – 20-25 см жəне одан да көп) отырғызады. Шұңқырлар
арасындағы қажетті ара қашықтықты сақтау үшін, көшеттер отырғызғанда
жіпті қолданады немесе чек біліктерінде белгілер орнатады.
     Егер көшеттерді қатты ылғалданған топыраққа отырғызса, онда бірнеше
күннен соң чекті сумен толтырып, су қабатын құрайды. Испанияда суды
вегетация кезеңі бойынша бір рет немесе 2-3 рет ауыстырып тұрады.
     Жапонияда күріш өсіру үшін жылу ресурстары жетіспейтін аудандарында,
күріштің ерте пісетін сорттарын өсіреді. Ауаның салқын массаларынан қорғау
үшін питомниктерде пленка, майланған қағаз жəне т.б. қорғауға арналған
заттар қолданылады. Осының арқасында кəдімгі (ашық) питомникте өсірілетін
көшеттерге қарағанда, мұнда күріш көшетін 35-45 күнге ерте алуға болады.
     Су тапшылығы жағдайында Қазақстанда күріш өсіруді əрі қарай дамытуда
көшеттеп отырғызылатын күріштің өсіру технологиясын қолдануға болады. Бұл
суды үнемдеуге, күріш өнімін арттыруға жəне ауыл тұрғындарының еңбекпен
қамтамасыз етуіне жағдай туғызады.




                                   22

More Related Content

DOCX
студент шығарма жұмабек диас
DOCX
студент шығарма жұмабек диас
PDF
рекомендация сафлор
PDF
кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1
PDF
фермерлер ушин сугарудын киши механикаландыру
PPT
Таза органикалық тыңайтқыштарды қолдану
DOCX
студент шығарма ақжол оразәлі
PPT
Маңғыстау аймағындағы көгалдандыру жұмысына жауын құртының (Lumbricidae) көме...
студент шығарма жұмабек диас
студент шығарма жұмабек диас
рекомендация сафлор
кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1
фермерлер ушин сугарудын киши механикаландыру
Таза органикалық тыңайтқыштарды қолдану
студент шығарма ақжол оразәлі
Маңғыстау аймағындағы көгалдандыру жұмысына жауын құртының (Lumbricidae) көме...

More from Вячеслав Владимирович (20)

PPTX
Презентация по проектам ифк (english version)
PPTX
Презентация по проектам ифк
PDF
эксплуатация модульной системы дождевания
PDF
реком озимая пшеница
PDF
реком арысь туркестан
PDF
рек мод сист_микроорош
PDF
казниивх рекомендации орошение риса
PDF
КазНИИ ВХ Методика организации и Отраслевые нормативы
Презентация по проектам ифк (english version)
Презентация по проектам ифк
эксплуатация модульной системы дождевания
реком озимая пшеница
реком арысь туркестан
рек мод сист_микроорош
казниивх рекомендации орошение риса
КазНИИ ВХ Методика организации и Отраслевые нормативы
Ad

казниивх куриши

  • 1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі АҚ «КазАгроИнновация» «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтты» ЖШС КҮРІШ ПЕН КҮРІШТІ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНДЕГІ ДАҚЫЛДАРДЫ СУҒАРУ (Ұсыныс) АСТАНА 2010
  • 2. Кіріспе Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күріш шаруашылығы өзін өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғни тұтынушыларды күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті 240-300 мың тонна көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттергі жəне жақын жердегі мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады. Қазақстан Республикасының күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəне Қаратал өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күріш егісінің өсуі топырақтық-климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне су ресурстарының жеткілікті болуымен байланысты. Күрішті өсіру - тұзданған өнімділігі нашар жерлерді түбегейлі мелиорациялауды жүзеге асыратын қуатты фактор. Қазіргі кезде Қызылорда облысы күріш өсіретін негізгі аумақ болып табылады, мұнда күріш егісінің 80% астамы ораналасқан. Облыста аймақтың нақты табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген, өнімділігі үйлесімді жəне тұрақты күріштің аудандастырылған күріш сорттары өсіріледі. Ал екінші аумақ Алматы облысының Ақдала мен Қаратал суғармалы аймақтарында орналасқан. Үшінші күріш өсіретін аумақ Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылкұм даласында орналасқан. Су ресурстарының тапшылығы жағдайында, күріш жүйелерінің конструкция-сын жетілдіріп, суғармалау гектарының сапалық көрсеткіштерін арттыру арқылы, Қазақстанның күріш себетін аудандарының əрі қарай дамуын жүзеге асыру керек. Суғармалау гектарының сапасын арттыру үшін, күріш өсірудің алдыңғы қатарлы технологияларын кеңінен қолданып, республикамыздың күріш плантацияларында су, материалдық жəне еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қажет. Кітапшада күріш өсірудің негізгі ережелері келтірілген: топырақтың тұздану дəрежесіне жəне арам шөптермен ластануына байланысты, күріш чектерін себуге жəне су бастыруға дайындалуы, күріш пен күріштің ауыспалы егістігіндегі дақылдардың (жоңышқа) суғару тəртібі мен техникасы. Құрал фермерлер-күрішшілерге, күріш шаруашылығының мамандарына арналады. 1. Күріштің жүйесі Күріштің суғару жүйесі екі бөліктен тұрады: шаруашылық аралық жəне ішкі шаруашылық бөліктері. Шаруашылық аралық бөлігіне басты су алатын құрылым, магистралды жəне таратушы каналдар, коллекторлар, барлық гидротехникалық құрылымдары болатын басты коллектор, байланыс, пайдаланылатын жəне шаруашылық арасындағы жолдар кіреді; ішкі шаруашылық бөлігіне – суғармалы танаптар, таратушы каналдар, осы каналдардағы барлық құрылымдар мен танаптар арасындағы жолдар кіреді. 4
  • 3. Күріштің суғару жүйесіндегі магистралды жəне таратушы каналдар, коллекторлар, кəріз суын жинағыштар, сонымен қатар гидротехникалық құрылымдар, басқа дақылдардың суғару жүйесіне қарағанда аз болады. Алайда жүйенің суды алатын, тарататын жəне алып шығаратын кіші тізбектерінің бірсыпыра ерекшеліктері болады. Күріш картасының Алғашқы элементі – бұл тегістелген күріш чегі, осы чектерден күріш картасы, кейін күріш жүйесі құралады. Жүйе құрылысына жəне күрішті өсіруге кететін шығындар көбінесе чектер аудандарына байланысты. Чектердің ең тиімді пішіні – тік төртбұрышты пішін. Күрішті өсіруде механизация процесін көп қолдануды есепке алып салынған қазіргі инженерлік күріш жүйелерінде, күріш чегінің ауданы 2,0 га төмен болмауы керек, ал чектің бір жағы 150-200 м кем болмауы керек. Осындай өлшемді чек күріш жүйесінде өнімділігі жоғары болатын техниканың қолданылуына қолайлы жағдай туғызады. 2. Күрішті себуге чектерді дайындау Топырақтың негізгі өңделуі. Күрішті себуге топырақты дайындаудың ерекшеліктері алғы дақылдармен, танаптардың арам шөптермен ластану дəрежесімен, топырақтардың тұздануымен, себу əдістері мен мерзімдерімен жəне т.б. сипатталады. Алайда барлық жағдайда да дайындық жұмыстары топырақтың өңделумен басталады, яғни топырақ сүдігер жыртылады (күріш дақылынан кейін). Сүдігер жыртуды күрішті жинап алған соң (қыркүйек-қазан) бастайды. Түйнекті қамыстармен ластанбаған жəне тұзданбаған топырақтарда сүдігер айдауда 22-25 см-лік топырақ қабатын айналдырып жыртады. Негізінен күрмекпен ластанған, биік чектерді айдағанда, күрмектің тұқымдары төменгі қабатқа еніп, көктеп шықпайтындай етіп топырақ қабатын айналдырып жыртады. Күріш жүйесіндегі тамырлары сабақ тəріздес арам шөптердің ішіндегі ең зиянды түрі – кəдімгі қамыс (түйнекті қамыс). Оған қарсы жүргізілетін шараларының ең тиімдісі келесі агротехникалық əдіс болып табылады: күзде өсімдік түйнектерінің негізгі массасы мен тамырлары орналасқан қабаты тереңірек, яғни 14-16 см тереңдікке жырту керек. Жердің бетіне шыққан өсімдік түйнектері мен тамырлары аязға шыдамай үсіп қалады, ал көктемде оларды тырмалап алып тастап, топырақты 22-25 см тереңдікке жырту керек. Сүдігерден кейін арам шөптермен ластанған топырақтарды, ерте көктемде 1-2 рет 12-16 см тереңдікке жырту керек немесе өсімдіктің тамырлары кеуіп қалу үшін, арасы 10-12 күн болатын 2-3 рет чизелдеу керек, яғни топырақ қопсытылады. Тұзданған топырақтың төменгі қабаттарына шайылатын тұздарды жер бетіне шығармау үшін, қайырмай жыртуды 20-25 см тереңдікпен жүргізеді. Көп жылдық шөптер өскен топырақ қабатын өңдеу əдісі мен мерзімдері топырақтың құнарлығын тиімді пайдалануға үлкен əсерін тигізеді, себебі топырақтың құнарлығы жоңышқаны өсіру нəтижесінде артады. Қазақстанның 5
  • 4. ғылыми ұйымдары мен озат өндірістерінің тəжірибесі, жоңышқалықты көктемде күріш себер алдында жыртқан жөн деп санайды. Көктемде жыртылған топырақта, шөптердің 2 жыл ішінде жиналған органикалық заттар ұзақ уақыт ыдырайды. Жоңышқалық топырақ қабатын мамырдың екінші жартысында, күрішті себу мерзімінің соңында жүргізуге тырысады, яғни жоңышқа бутандану фазасына келген сəтте жəне шөптің қалыңдығы жақсы қалыптасқан кезде. Тегістеу. Жақсы тегістелген чектерде күріштің өсіп дамуына, біркелкі сумен бастырылуына жəне арам шөптермен күресуге қолайлы жағдайлар туады. Күріш чектерінің бетін эксплуатациялық тегістеу жұмыстары жыл сайын, егін себер алдында жүргізілетін ауыл шаруашылық жұмыстарымен бірге өткізеді, яғни егін себер алдында өңдеуді грейдермен немесе тегістегіштермен жер бетін тегістеумен аяқтайды, əрі ауыр кедір-бұдыр қырлы катоктармен тығыздап, чек беті белгілерінің айырмашылығы ±5 см жеткізіп, топырақтарды майда кесекті күйге айналдырады. Чекке байланысты тегістегіштердің жүру бағыты диоганальды-ерсілі-қарсылы, айдаулы немесе айналмалы болуы мүмкін. Чектерді қалпына келтіру үшін, жүргізілетін тегістеу жұмыстары 2-4 жылда бір рет орташа жазықтықтан ауытқығанда, яғни жер беті белгілерінің мəндері қажетті шектен асатын болса, жүргізіледі. Əдетте, əр жыл сайын жер беті тегістелсе де чектің жəне микрорельефтің орташа белгілерінің айырмашылығы бірнеше жыл көлемінде 10 см болады. Қалпына келтіруде жүргізілетін тегістеу жұмыстары чектің жобалық жазықтығын қалпына келтіру үшін қажет жəне бұл тегістеуді жүйелі түрде жүргізу керек. Қалпына келтірудегі тегістеуді парлы танапта жүргізген жақсы, себебі бұл танапта тегістеумен бірге суғару желісі мен құрылымдарына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалпына келтірудегі тегістеуді жүргізерде əр чектің бетін нивелирлейді. Егер чек бірталай кесілетін болса, онда чекті ылғалдап, грунт отырғаннан кейін чекті тегістейді. Тегістеу сапасын 20х20 м квадраттар бойынша бақылаулы нивелирлеу мен чектерді сумен толтыру арқылы анықтайды. Суғарғанда чектерде құрғақ жəне су қатты көлдеген учаскелер болмауы керек. Алайда қазіргі кезде шаруашылықтарда тегістеу жұмыстары көбінесе көз мөлшері бойынша жүргізіледі, нивелирлік бақылау жүргізілмейді. Нашар тегістелген чектерде су режимдерін тиімді басқару, қысыл-таяң мерзімде чектерді сумен бастырып жəне суды сыртқа ағызып жіберу, арам шөптермен, аурулармен күресу жəне т.б. қиынға соғады. Яғни күріштің өнімділігі тегістелу сапасына тікелей байланысты болады (1 кесте). 6
  • 5. 1 кесте – Тегістелу сапасына байланысты күріштің өнімділігі Чек белгілерінің орташа ауытқуы, ±см Күріш өсірілетін аумақтар 3 4 5 6 7 10 Қызылорда 62,6 57,1 42,7 36,3 31,4 28,5 Қызылқұм 68,4 59,1 54,7 46,3 31,2 27,5 Аудандары 1,5 га-дан 4,0 га дейін болатын чектерде +5 см немесе +2-3 см болатын жер беті белгілерінің ауытқуын тек қана нивелирдің көмегімен не болмаса жер бетін тегістейтін техниканың арнайы лазерлік құралдарымен анықтауға болады. Күрішті себу. Күріш тұқымын сепкенде аудандастырылған жəне 1 мен 2 класқа жеткізілген сорттарын қолданады. Тұқымда ауру жұқтырған жəне зиянкестер зақымданбаған, карантин салынған арам шөптер мен басқа тұқымдар болмауы керек. Күріш тұқымының сапасын жақсартуда ауалы- жылулық қыздыру мен тұқымдарды дəрілеудің маңызы зор. Себуге 5-7 күн қалғанда, күріш тұқымын күрекпен аудара отырып, немесе дəн тазалағыш машинасы арқылы өткізіп, атмосфералық ауамен вентеляция арқылы желдетеді. Бұл тəсіл күріштің шығымдылығын 14-18% арттырады. Тұқымды бояулы гранозанмен дəрілеу жартылай ылғалдау тəсілімен орындайды, яғни 1,5-2 кг препаратты жəне 8-10 кг суды 1 тонна тұқыммен араластырады. Өсімдіктің үйлесімді қалыңдығы – егін өнімділігін анықтайтын ең маңызды шарт. 1 гектарға 6-7 млн. күріш тұқымы себілсе, жинар кезде күріштің қалыңдығы 1 м 250-300 дана өсімдік болады, бұл 1 м2 ауданды 400 жəне одан да артық ұрықты сабақтармен қамтамасыз етеді, ал күріштің өнімділігі гектарынан 60 центнерге дейін жетуі мүмкін. Əдетте күріш қарапайым əдіспен қатарлап немесе жіңішке қатарлар бойымен себіледі. Еліміздің күріш себу тəжірибесінде ең кең тарағаны əдіс - тұқымдарды 1-1,5 см тереңдікке машинамен қатарлап сеуіп, себілген жерді тез арада сумен бастыру. Қатарлап себуді кəдімгі тракторлы дəн сепкіштермен, қатар аралықтарын 15 см етіп, жүргізеді, Дəн сепкішті, тұқымды топыраққа енгізу тереңдігіне шек қоятын, дискілі тістермен жабдықтайды. Шек қоятын дискілі тістерді ені 20-30 мм болатын болат кесіндіден жасайды, яғни оны дискінің сыртқы бетіне болтпен немесе дəнекерлеп бекітеді. Күрішті қатарлап себу əдісі тұқымдарды аудан бойынша біркелкі таралуын жəне топыраққа жақсы отырғызылуын қамтамасыз етеді. Топырақ пен судың орташа тəулік температурасы тұрақты +12-140С болғанда, күрішті сеуіп, сумен бастыруды бастайды. Осындай температураның басталу мерзімі күрішті сеуіп, сумен бастырудың уақыты болады, яғни Қызылқұм аумағында 20 сəуір, Шиеліде – 26 сəуір, Қызылордада – 30 сəуір, Қазалы, Ақдала жəне Қаратал аумақтарында – 5 мамыр. Себу жұмыстарының аяқталуы тұқым сорттарының вегетация кезеңінің ұзақтығына (ерте пісетіндер – 110 тəулік, орташа пісетіндер – 125 тəулік, кеш пісетіндер – 145 тəулік) жəне 7
  • 6. күзде əр жергілікті аумақта суықтың басталуына байланысты анықталады. Күріш өсірілетін оңтүстік аймақта (Қызылқұм аумағы), күріштің кеш пісетін сорттары үшін, себу жұмыстары 10 мамырға, орташа пісетін сорттары үшін 20 мамырға таман аяқталады, күріш өсірілетін орташа аймақта (Қызылорда, Шиелі аумақтары), күріштің орташа пісетін сорттары үшін, 10 мамырға, ал тез пісетін сорттары үшін 20 мамырға таман аяқталады, ал солтүстік аймақтарда (Қазалы, Ақдала, Қаратал аумақтары), тез пісетін сорттар үшін, 15 мамырға таман аяқталады. Күріштің себу мен суға батырылуының көрсетілген мерзімдері – жоғары өнім алумен қатар, вегетация ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұл кезеңде ауа мен судың орташа тəулік температурасының ауытқу шегінің ең төмен болуы, күріш тұқымдарының жақсы көктеп шығуына септігін тигізеді, ал күріштің дамып-жетілуінің барлық фазалары, жылумен қамтамасыздануы жетерліктей болатын, үйлесімді температурада өтеді. 3. Күрішті суғару тəртібі Күрішті суғару тəртібі деп топырақтық, гидрогеологиялық, климаттық жағдайларды жəне өсімдіктің агробиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, су қабатының жəне өсімдіктің даму кезеңдеріне сəйкес танапқа берілетін су мөлшерінің өзгеру динамикасын айтады. Күріштің суғармалау мөлшері – суғару кезеңінде 1 гектар танапқа берілетін судың мөлшері. Бұл мөлшер топырақтың ылғалмен қанығуына, өсімдіктің транспирациясына, су беті мен топырақ бетінен булануға, топырақ грунтының сүзілуіне, қажетті технологиялық қашыртқыларына қажет. Күріш жүйелерінің көптеген жерлеріндегі топырақтар тұзданған болып келеді. Күріштің суғару тəртібін топырақтардың тұздану дəрежесіне байланысты іске асыру қажет. 3.1. Тұзданбаған жəне əлсіз тұзданған топырақтардағы күріштің суғару тəртібі Барлық жағдайда да, күрішті сеуіп болған соң суға бастырады, себебі күріш себілгеннен кейін көктемейді, суға бастырғаннан кейін көктеп шығады. Күріштің себілуі мен су бастырылуының арасы ең көп дегенде 1-3 күннен артық болмауы керек. Чектерді суға толтырғанда суғару ағыншасы топырақты шайып кетпейтіндей болуы керек; алғашқы сумен бастыру кезінде судың қабаты 10-12 см жеткен соң, суды чектерге беруді тоқтатады. Алғашқы сумен бастыру кезеңінің ұзақтығы тұқымдардың көктеуімен анықталады. Егер су тұқым көктегенге дейін сіңіп, буланып кетсе, онда қосымша ылғалдандыру үшін суғару керек. Егер тұқым көктей бастағанда чектегі су толық сіңбесе, онда қалған суды сыртқа ағызып жібереді. Ал егер чектен суды сыртқа ағызып жібермесе, онда көктеп шыға бастаған тұқымдар оттегімен қамтамасыздандырылмай қалады жəне өніп шыққан күріш сирек болады. 8
  • 7. Күріш қатарлары белгіленіп алғашқы жапырағы пайда болған соң, арам шөптердің екінші жапырағының пайда болуынан кеш қалмай, оларға қарсы күресу үшін, чектерді қайтадан тереңдігі 12-15 см етіп суға толтырады. Күрмек өскен сайын, су қабаты да күрмек өсімдігінен 5-7 см артық болады. Осы кезде күріш пен күрмек өсімдігінің жағдайын күн сайын бақылау керек. Қалай күрмектің қүреңденіп, құрып кетуі байқалса, су қабатын, күріштің жапырағы су бетіне шығатындай етіп, азайтады. Күріш түптенер алдында су қабаты 5 см дейін азайтылып, судың берілуі тоқтатылады. Бұл кезең тыңайтқышпен қоректендірудің ең жақсы уақыты болып саналады. Күріш жақсылап шоқтанғаннан кейін (6-7 жапырағы пайда болған соң), су қабатын 10-12 см жоғарлатады. Дəн толық сүттеніп піскен кезде, суды чектерге беруді тоқтатады, яғни күріш дəні толық балауызданып піскенше, су толық топыраққа сіңіп кетеді (1 сурет). А Ағыссыз 20 10 Күріш танабындағы судың қабаты, см 0 Ағыссыз Б 30 20 10 0 В Суды ауыстырып 20 10 0 Жапырақ. Сабақ- Бас пісуі себу көктеу пайда түптеу жинау тану тарту болуы сүттен. балауыз. толық «а» - тұзданбаған топырақтарда; «б» - күрмекпен ластанған жерлерде; «в» - орташа жəне күшті тұзданған топырақтарда. 1 сурет – Күрішті сумен бастырудың ұсынылып отырған тəртіптері 9
  • 8. 3.2. Тұзданған топырақтағы күрішті суғару тəртібі Күрішті тұзданған топырақтарда өсіргенде, алғашқы су бастыру кезеңінде, чектердегі судың минералдылығы тез арада өседі. Сондықтан күрішті сеуіп болған соң, алғашқы сумен бастыруды 10-12 см тереңдікте, топырақтың жоғарғы қабатының тиімді тұщыландырылу мақсатында жүргізеді. Күріш тұқымдарының көктеп, 2-3 жапырағы пайда болғанға дейінгі кезеңде күріш топырақтың тұздануына сезімталдылығы өте жоғары болады. Сондықтан чектегі судың минералдылығы 2,5 г/л-ден жоғарласа, чектегі суды толық ауыстырады, яғни күріш түптене бастағанға дейін, топырақтың тұздану дəрежесіне байланысты суды 2-4 рет ауыстырады. Тұзданған топырақта, күріш көктеп шыға бастаған кезеңде, күріш танабын сусыз қалдыруға болмайды, танаптың құрғақтығы топырақ бетіне тұздардың жиналуына əкеп соғады. Күріш көктеп шыға бастағанда топырақ жақсы ылғалдануы керек, ал 2-3 жапырағы пайда болған фазасында чектегі су қабаты 10-15 см болғаны жөн. Күріш түптенген кезде чектегі судың қабаты 5 см дейін азайтылады. Егер осы кезде чек суының минералдылығының жоғарлауы байқалса, яғни күріштің өсуі тежелсе немесе өсімдік сарғайса, онда суды тез арада тұщы сумен ауыстыру қажет. Топырақтың жəне судың шектен тыс тұздануына күріштің сезімталдылығы дамып-жетілу фазалары бойынша өзгереді. Мысалы, көктеп жапырақтары пайда болған фазаларында, судың минералдылығы 2,5 г/л жоғары болса, онда ол күрішке кері əсерін тигізеді. Қалған кезеңдерде, судың минералдылығы 3 г/л дейін болса да, күріштің өнімділігіне айтарлықтай кері əсерін тигізбейді. Түптені-масақтану кезеңінде, судың тереңдігі бойынша, чектен қашыртқа суының 50% шығарып тастау керек, ал суғару кезеңі бойынша, топырақтың тұздануына жəне чектегі судың минералдылығына байланысты, чектен қашыртқа суын сол көлемде (50%) 4 рет шығарып тастау керек. Өзек тартып, балауызданып пісе бастаған кезеңдерінде, топырақтың жоғарғы қабатының тұщыландырылуы жетерліктей болуы үшін жəне чектегі судың минералдылығы кажетті шектен аспаған жағдайда, чектегі судың қабаты 15 см болып тұрады (1 сурет). 3.3. Күріштің суғармалау мөлшері Күріштің суғармалау мөлшері деп 1 га ауданды күріш танабына вегетация кезеңінде берілетін судың көлемін айтады. Суғармалау мөлшерлері м3/га-мен өлшенеді. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарына қарағанда күрішті суғарғанда су көп жұмсалады. Күріштің суғармалау мөлшері (Мр) келесі көрсеткіштердің қосындысынан құралады: Mр= m1+ m2+ m3+ m4; мұндағы m1 – жер бетінен су өтпейтін қабатқа дейінгі топырақ қабатын сумен толық қанықтыруға шығындалатын су мөлшері, м3/га; m2 – транспирацияға, топырақ пен су бетінен булануға шығындалатын су мөлшері, м3/га; m3 – топырақ грунтының сүзілуіне шығындалатын су мөлшері, м3/га; 10
  • 9. m4 – технологиялық жəне өнімсіз қашыртқыларына шығындалатын су мөлшері, м3/га. Алғашқы су бастыру кезеңінде күріш танабының топырақ грунттары ылғалмен қанығады. Қанығуына қажетті су көлемі m1 топырақ грунттарының су-физикалық қаситеттеріне (тығыздығы, ылғалдылығы жəне т.б.) жəне суға бастыру алдындағы ыза суы деңгейінің орналасуына байланысты. Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарында топырақ грунттарының ылғалмен қанығуы үшін шығындалатын нақты су көлемдері 1850 м3/га-дан 6400 м3/га-ға дейінгі мəндер аралығында болады. Топырақ пен су бетінен булану олардың температурасына, ауаның ылғалдылығына жəне желдің жылдамдығына байланысты. Транспирация күріш көктеп шыға бастағаннан бастап, өсімдіктің вегетативті массасы əрі қарай өскен сайын артады. Республикамыздың күріш өсіретін аудандарында күріштің суды тұтыну жиынтығына (m2) шығындалатын (булану+транспирация) су мөлшері 7410 м3/га-дан 12600 м3/га-ға дейінгі аралықта өзгереді. Қазақстанның күріш жүйелерінде сүзілуге шығындалатын су мөлшері 3500 м /га-дан 8700 м3/га-ға дейін өзгереді. Күріш чектерінде технологиялық жəне 3 өнімсіз қашыртқы суларының шығындары күріштің суғару тəртібімен жəне күрішті өсірудің қабылданған агротехникасымен анықталады. Мысалы, тұзданған жерлерде өсіріліп жатқан күрішті қоректендіргенде немесе танапты гербицидтермен өңдегенде, қашыртқы суларының толық немесе жарым- жартылай шығарылып тасталынуы, сонымен қатар күріш чектерін күзде құрғатар алдында қашытрқы суларының сыртқа шығарып тасталынуы. Бұған чек құрылымдары, суғару каналдары арқылы жəне кездейсоқ қашыртқыға кететін су шығындары да жатады. Қазір республикамыздың күріш өсірілетін аумақтарында суғармалау мөлшерінің (нетто) мəні 17,4 мың м3/га-дан 26,6 мың м3/га-ға дейін болады. Қазақстанның күріш өсіретін негізгі аудандарында суғармалау мөлшерін құрайтын элементтердің мəліметтері 2 кестеде көрсетілген 2 кесте – Күріштің суғармалау мөлшерін құрайтын элементтер (нетто), м3/га Топырақ Булану мен Технологиял Суғармалау Суғармалау грунттары- Сүзілу транспираци ық қашыртқы мөлшері аумағы ның қанығуы я сулар (нетто) 1 2 3 4 5 6 Оңтүстік Қазақстан облысы Қызықұм 2100-2700 7800-8800 11100-12600 1200-2000 22200-26100 3500-2500 24500-26600 Қызылорда облысы Жаңақорған- 2400-3000 7000-7900 10400-11800 2000-2800 21800-25000 Шиелі 4500-3500 24300-26200 Қызылорда 2500-3100 6500-7300 9700-10800 2600-3000 21300-24200 11
  • 10. 5400-4500 24100-25700 Қазалы-Арал 2600-3200 6300-7100 9000-9900 3000-4000 20900-24200 7200-5400 25100-25600 Алматы облысы Ақдала 1700-2100 6500-7000 8100-9200 2700-3100 19000-21400 6000-5000 22300-25300 Қаратал 1800-2200 5700-6400 7900-8900 2000-3000 17400-20500 5500-4500 20900-22000 Ескерту: бөлшектің алымында тұзданған жəне əлсіз тұзданған жерлердегі суғармалау мөлшері; бөлімінде тұзданған жерлердегі суғармалау мөлшері. Кестеде келтірілген күріштің суғармалау мөлшерлерінің (нетто) мəндері күріш танабындағы нақты шығындалатын судың мөлшері, яғни суды жеткізетін желідегі шығындар есепке алынбаған. Күріштің брутто суғармалау мөлшерінің мəніне жүйенің сапасы мен техникалық жетілгендігі, жүйені пайдалану дəрежесі мен суды тұтынушылардың судың шығындалуына қатысы əсер етеді. 3 кестеде күріш өсіретін аумақтардың тұзданбаған жəне тұзданған жерлеріндегі күріштің брутто суғармалы мөлшерлерінің мəндері келтірілген. 3 кесте – Күріш өсірілетін аумақтар бойынша күріштің суғармалау мөлшерлерінің мəндері, м3/га Күріштің суғармалау мөлшері нетто брутто Күріш өсірілетін Тұзданбаған жəне Тұзданған Тұзданбаған жəне Тұзданған аумақтар нашар тұзданған топырақ- нашар тұзданған топырақ- топырақтарда тарда топырақтарда тарда Қызылқұм 22300 26600 27300 35000 Жаңақорған-Шиелі 21800 26200 29500 34500 Қызылорда 21300 25700 30000 36200 Қазалы-Арал 20900 25600 29900 36600 Ақдала 21000 25300 26700 33700 Қаратал 17900 22000 22700 27900 Зерттеулер нəтижелерінің көрсетуінше, күрішті сумен бастырудың тиімді режимдері ендірілсе, судың пайдаланылуы реттестірілсе, тұзданбаған жерлердегі кəріздік-қашыртқы желілерінде тіреуіштер орналастырылса, суғару желісіндегі каналдарда судың сүзулуіне қарсы шаралар жүргізілсе, онда қазіргі 12
  • 11. кезде қолданылып жүрген күріштің суғармалау мөлшерлерін бір шама азайтуға болады. Гидромодуль. Күріштің суғармалау мөлшері вегетация кезеңінде күріш танабындағы судың қажеттігін көрсетеді. Гидромодуль – бұл бір гектар суармалау ауданына уақыт бірлігінде берілетін су шығыны, л/с га-на өлшем бірлігімен көрсетіледі. Гидромодуль графигі оның уақыт бойынша бөліп таралуын анықтайды. Сондықтан гидромодуль графигі суғаруға бөлінбейді, керісінше үздіксіз болады. Күрішті өсіруде судың ең көп шығындалатын кезеңі – чектерде алғашқы су бастыру кезеңі. Бұл кезеңде гидромодуль ординатасы ең үлкен мəнге ие болады, ал кейін оның мəні күріш чектеріндегі су қабатына сəйкес болады. Суғару каналдарындағы су горизонтының суғармалы танаптың үстінен басшылық жасау шарттары анықталады. Алғашқы су бастыру мен күріш чектеріндегі су қабатын бір қалыпты ұстап тұру кезеңдерінің гидромодуль графиктері суғару тəртібіне жəне күріштің өсіру агротехникасына байланысты. Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарындағы, осы аталған кезеңдер үшін, гидромодуль ординатасының мəндері 4 кестеде келтірілген. 4 кестенің көрсетуінше, күріш чектерінің алғашқы сумен бастыру кезеңінде гидромодульдің ең үлкен мəні Қызылорда суғармалау аумағында – 16,8-16,9 л/с га-на ал ең кіші мəні Ақдала суғармалау аумағында байқалады – 9,7-9,73 л/с га-на. Ал чектерде су қабатын бір қалыпты ұстаған кезеңде гидромодульдің ең үлкен мəні Ақдала аумағында – 4,0 л/с га-на, ал ең кіші мəні Қызылкұм аумағында – 1,8-2,0 л/с га-на болады екен. 4 кесте – Күріш чектері мен жүйелеріндегі судың берілуінің гидромодулі, л/с га-на Алғашқы сумен Су қабатын бір Суғармалау бастыру қалыпты ұстау Сумен бастыру режимдері аумақтары чек-те күріш чек-те күріш жүйесінде жүйесінде Қысқа мерзімге сумен 16,8 4,1 1,9 1,9 Қызылорда бастыру Сумен тұрақты бастыру 16,9 4,8 2,0 2,1 Қысқа мерзімге сумен 11,6 2,5 1,8 1,8 Қызылқұм бастыру Сумен тұрақты бастыру 11,9 4,2 2,0 2,0 Қысқа мерзімге сумен 9,7 2,5 4,0 4,0 Ақдала бастыру Сумен тұрақты бастыру 9,72 4,2 4,0 4,0 13
  • 12. Күрішті сумен бастырған кезде суғару кезеңі мен фазалар аралық кезеңдер бойынша, су көлемін анықтау өте маңызды. Қысқа мерзімге сумен бастыру кезінде суғару кезеңі чектердің алғашқы сумен бастыруынан дəннің балауызданып піскеніне дейін созылады. 5 кестеде мысал ретінде Қызылқұм суғармалау аумағы үшін, күріш чегі мен жүйесіндегі өсімдіктің даму фазалары бойынша, гидромодуль ординатасының жəне суғару мөлшерлерінің мəндері келтірілген. 5 кесте – Күріштің даму фазалары бойынша күріш чектеріне берілетін гидромодуль мəндері Гидромодуль, Ұзақты- Тұтынатын Күріштің даму л/с га-на Күріштің суғарылу кезеңдері ғы, су көлемі, фазалары күріш тəулік м3/га чекте жүйесінде 1 2 3 4 5 6 Өнуі Алғашқы сумен бастыру 2 2560 14,8 3,9 Су қабатын тұрақты ұстау 2 1,160 6,7 Судың берілуін тоқтату 4 - - Су қабатын тұрақты ұстау 6 1000 1,93 Көктеуі Гербицидтермен өңдегеннен 2 1580 9,10 2,8 кейін сумен бастыру Су қабатын тұрақты ұстау 7 1070 1,80 5 кестенің жалғасы 1 2 3 4 5 6 Көктеуі Су қабатын азайту 9 1700 2,20 Түптенуі Су қабатын тұрақты ұстау 29 5250 2,0 2,2 Сабақтануы Су қабатын көбейту 5 1520 3,5 2,2 Су қабатын тұрақты ұстау 23 4060 2,0 Бас алуы мен Су қабатын тұрақты ұстау 10 2000 2,3 2,2 гүлденуі Сүттеніп пісуі Су қабатын тұрақты ұстау 14 2620 2,2 2,2 Балауызданып Су қабатын азайту 7 - - - жəне толық пісуі Чектерді құрғату 16 - - - Күріштің даму фазаларының гидромодульдерінің, күріш ауыспалы егістігіндегі ауыл шаруашылық дақылдары құрылымының негізінде, күріш карталарына судың берілуінің графиктері анықталады жəне жалпы жүйе көлемінде суды жоспарлы түрде пайдаланылуы іске асырылады. 14
  • 13. 4. Күрішті суғару техникасы Күріш танабында үйлесімді су режимінің жасалынуы мен үзілмей сақталуының күріштен жоғары өнім алуда маңызы зор. Бұл режим чектердің сумен бастырылуының дайындығына, суғару желісіне,сонымен қатар сумен бастыру техникасы мен күрісшілер жұмысының ұйымдастырылуына байланысты. Күрішші өз учаскесін жақсы білуі керек. Танапты сумен бастыру дайындығын күрішші күріш жиналған соң бастауы керек. Себу алдында суғару желісін толық жөндеп, арам шөптерден жəне шөгінділерден тазарту керек. Машиналармен топырақты өңдеу кезінде бұзылып кеткен тұрақты жалдарды уақытылы тұрғызу керек. Сумен бастыруға дейін барлық су беру құрылымдарының күйін тексеріп, суды чектен қашыртқыға беретін құрылымындарын жауып тастау керек. Сонымен қатар күріш ауыспалы егістігіндегі дақылдар танаптарын қоршайтын кəріздік-қашыртқы каналдарынан басқа, қашыртқы каналдарының құрылымдарындағы қалқандарды (егер топырақтар тұзданбаған болса) жауып тастау керек.Əр чекке су өлшейтін бағандар (рейкалар) дайындап қою керек. Күрішті сеуіп сумен бастыру арасындағы уақыт ұзақ болмау керек, себебі ылғалдылығы өзгермелі жағдайға, сонан кейін топырақтың тез құрғап кетуіне тап болған тұқымдар өнуін жоғалтып, көктеп шыққын күріш сирек, арам шөптермен əсіресе күрмекпен ластанады. Əр чекте судың деңгейін бақылап тұру үшін, біліктің жанында су өлшейтін бағандар орнатылады. Бағандарды алғашқы сумен бастыру кезеңінде, яғни чек сумен жартылай толтырылған кезде, орнатады. Су өлшейтін бағананы ашық түске бояйды, оны су берілетін құрылымның жанына, көрінетін жерге орнатады. Чектің сумен бастырылған бөлігіндегі су деңгейі бағанадағы нөл көрсеткішіне сəйкестендіреді. Күрішші күн сайын үнемі чектегі су қабатының деңгейін бақылап отыру керек. Сумен бастыру тəртібінің сақталуы көбінесе су қабатының дұрыс есепке алынуына байланысты, алынатын күріш өнімі де осы су қабаты деңгейін бақылауда алынған мəліметтерге байланысты. Алғашқы сумен бастыру. Сумен бастыруға бір тəулік қалғанда күрішші су алуға мəлімдеме жасайды. Бұл уақытта күрішші суды қабылдауға жəне оны карталық қарықтан чектерге жылдам таратуға дайын болуы керек. Суды қарықтан су алатын барлық чектерге бере беруге болмайды, себебі бұл кезде су шығыны мен арыны азайып, су чектерге əрең беріледі. Алғашқы сумен бастыруды картаның төменгі жағында орналасқан чектерден бастау керек. Бұл чектерге су тұқымның шайылып кетуін болдырмай тездетіп беріледі (60-80 л/с). Суғарудан кейін жəне төменгі чектерде қажетті су қабаты пайда болған соң, биік чектерді суға толтырады. Алғашқы сумен бастыру кезеңінде күрішші 15
  • 14. чектердегі су деңгейін мұқият бақылап жүру керек, яғни судың жалдар арқылы сыртқа ағып кетуін болдырмау керек. Себебі желден пайда болған толқындар көктеп шығып келе жатқан күрішті жұлып, күріш егісін сиретуі мүмкін. Сонымен қатар күшті толқын соққысы біліктерді бұзады, ал оларды суғару кезеңінде қалпына келтіру өте қиын. 5. Күріш ауыспалы егістігіндегі ілеспелі дақылдардың суғару тəртібі мен техникасы. Күріштің ең жақсы алғы дақылдарының бірі – жоңышқа. Сонымен қатар жоңышқа азықтық дақылдардың ішінде ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлері үшін ең құндысы болып саналады. Жоңышқа топыраққа жағымды əсерін тигізеді, оның су-физикалық қаситеттерін жақсартады, құнарлығын арттырады жəне күріш дақылының өнімділігінің өсуіне қолайлы жағдайлар туғызады. Ғылыми мекемелердің жəне өндірістік тəжірибелердің мəліметтерінің көрсетуінше, Қазақстанның күріш жүйелерінде жоңышқа өнімін гектарына 100 центнер жəне одан да көп алу мүмкіндігі бар. Жақсы дамыған жоңышқа өсімдігі тамырлардың үлкен масасы мен бидай сабақтарының қалдықтарын топырақтың бойына жинайды. Бұршақты шөптер қалдықтарының ыдырауы топырақтың жыртылатын қабатын азотпен жəне өсімдіктің басқа да қоректік элементтерімен байытады. Екі жыл ішінде жоңышқаның өсірілуі топырақтың бойындағы азот мөлшерін гектарына 250-300 кг дейін жеткізеді. Жоңышқа тамырларындағы қоректік заттар қорының ең аз мөлшерде болуы өсімдік өскенде байқалады, яғни тармақтарының вегетациялық дамуына қоректік заттар қарқынды жұмсалады. Гүлдегенде жасыл массасының өсуі тоқталады да, өсімдіктің жер беті бөлігіндегі пластикалық заттар тамырына қарай өте бастайды. Бұршақтар пайда болған кезеңде бұл заттардың тамырдағы қоры қайтадан азаяды, ал тұқымдары пісерде қайтадан шұғыл түрде көбееді. Осыған байланысты гүлдеу алдында орылған жоңышқаның тамырында пластикалық заттардың үлкен қоры жиналады, яғни жаңадан бас көтеретін, келесі орым өсімдік тармақтарының тез өсіп шығуына ықпалын тигізеді. Бұл жоңышқаның гүлдеу алдындағы фазасында орылатыны орынды екенін көрсетеді. Сондықтан топырақтың бойында пластикалық заттардың мол қоры жиналуы үшін, күріш жүйелеріндегі бірінші жылғы жоңышқанының 2 толық орымын өткізген дұрыс, ал екінші жылғы жоңышқаны кемінде 4 рет орған жөн. Суғару тəртібі. Күріш жүйелеріндегі жоңышқа өсімдігін сумен қамтамасыздандыруда ыза суы үлкен ықпалын тигізеді, себебі олардың режимі төңіректе өсірілетін күріштің суғарылуымен тығыз байланысты. Күріш танабын сумен бастыруға дейін, ыза суы жер бетінен 2,0-2,5 м тереңдікте орналасады. Күріш чектеріне мамыр айынан бастап тамызға дейін судың берілуі ыза суының 16
  • 15. барлық жерде белгілі бір деңгейге дейін көтерілуін (1,3-1,5 м) əкеліп соғады, ыза суының осы деңгейі күріштің барлық вегетациялық кезеңінде бір қалыпты болады. Күріш чектерінен су сыртқа шығарылып тасталынған соң, ыза суының деңгейі біртіндеп түсе бастайды. Бұл сулардың деңгейінің төмен түсуі көтерілуіне қарағанда баяу жүреді. Жоңышқаның вегетациялық кезеңінің басында, ерте көктемде, ыза суы аз мөлшерде қолданылады. Сондықтан бұл кезде судың тапшылығын суғарумен өтеу керек. Вегетация кезеңінің басынан бастап, ыза суының деңгейі қалыптасқанға дейін, жоңышқаның су тапшылығы орташа есеппен 50-70 мм құрайды. Ал жоңышқаның келесі даму кезеңдерінде, ыза суы өсімдікті сумен қамтамасыздандыруда үлкен ықпалын тигізеді. Республикамыздың күріш өсірілетін аудандарында ыза суы деңгейінің тереңдігіне жəне өсімдіктің жасына байланысты 1 реттен бастап 5 рет суғару жүргізу керек. 6 кестеде ыза суы деңгейінің тереңдігіне байланысты, республиканың негізгі күріш өсірілетін аудандары үшін, бірінші жəне екінші жылғы жоңышқаның суғару тəртібі ұсынылуда. 6 кесте – Күріш ауыспалы егістігіндегі жоңышқаны суғару тəртібі Əкімшілік Күріш чектерін Суғару- Суғару Суғарма Алғашқы облыстар сумен бастырған-нан лар мөлше- лау суғарудың кейінгі ЫСД саны рі, мөлшері, болжамды 3 тереңдігі, м м /га м3/га қ мерзімі 1 2 3 4 5 6 Бірінші жылғы жоңышқа үшін Алматы 1,5 1 1000 1000 10.05- Қызылорда 15.05 2,0 2 1000 2000 6 кестенің жалғасы 1 2 3 4 5 6 Оңтүстік 1,5 2 1000 2000 5.05-10.05 Қазақстан 2,0 3 1000 3000 Екінші жəне келесі жылдардағы жоңышқа үшін Алматы 1,5 1 1000 1000 Қызылорда 2,0 2 1000 2000 15.05- 20.05 2,5 4 1200 4800 Оңтүстік 1,5 2 1000 2000 Қазақстан 2,0 3 1200 3600 5.05-10.05 2,5 5 1200 6000 17
  • 16. Республикамыздың күріш өсірілетін əр түрлі аудандарында жүргізілген, күріштің ауыспалы егісіндегі жоңышқа өсірілетін танаптағы топырақ ылғалдылығының динамикасын бақылауда, бірінші суғаруды сəуірдің ортасында немесе аяғында жүргізу керек екендігі байқалады. Алайда, күріш ауыспалы егістігіндегі дақылдарды суғару технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, жоңышқаның бірінші суғаруын күріштің алғашқы сумен бастыру кезеңінің алдында немесе одан кейін жүргізу керек, яғни чектердегі су қабатын бір қалыпты ұстап тұрған кезеңінде жүргізген жөн. Бұл кезде күрішшілердің жұмысы азаяды жəне қарықтардың су өткізу қабілеті сақталады. Жоңышқаның бірінші суғарылуының белгіленген мерзімі орташа есеппен Оңтүстік Қазақстан облысының күріш өсірілетін аумақтарында сəуірдің басында (күрішті сумен бастырар алдында) жəне мамырдың ортасында (күрішті сумен бастырып болған соң), ал Алматы мен Қызылорда облыстарында мамырдың басында жəне ортасында болады. Келесі суғарудың мерзімін орымдар уақытына туралайды. Суғаруды орып болған соң 5-8 күні жүргізген дұрыс. Орымға бір суғарудан келеді. Бірінші жылғы жоңышқа егісінде суғаруды ыза суының тереңдігіне тəуелсіз, өсімдікті суғару ағыншасымен жуылып кетуінен сақтау үшін, бұтақтану фазасына туралап, яғни өсімдіктің биіктігі 7-10 см жеткенде жүргізеді. Ал екінші рет бірінші орымнан кейін суғарады. Сонымен, бірінші жылғы жоңышқаның бірінші орымының қалыптасуына, екі вегетациялық суғару жүргізу қажет. Суғару техникасы. Жоңышқа суды жақсы көреді, алайда ұзақ уақыт сумен бастыруда, əсіресе ауаның температурасы жоғары болған жағдайда өсімдік құрып кетеді. Республикамыздың күріш өсіретін аумақтары үшін, жоңышқаның сумен бастыруының аумалы ұзақтығы, яғни біраз өсімдіктің құрып кететін кезі, бірінші жылғы жоңышқада бұтақтану фазасында 22-25 сағат, бутондануы фазасында 30-35 сағат жəне екінші жылғы жоңышқада орғаннан кейін қайтадан тармақталуында 2 тəулікке дейін болады. Күріш жүйелерінде құлақарықтан чекке су беретін құрылғылар арнайы диаметрі болатын түтіктер түрінде орналастырылады. Мысалы, диаметрі 189 мм болатын су беретін құрылғылар, құлақарықтағы су мен чектегі су горизонттарының айырмашылығы 15-20 см болса, 30-35 л/с су өткізеді, яғни тəулігіне 2600 м3 көлемінде су береді. Орташа суғару мөлшері 1000-1200 м3/га болса, ауданы 3 га болатын чектің сумен толтырылуы 30 сағатқа, ал 4 га болса 2 тəулікке дейін созылады. Бұл өсімдіктердің құрып кетуіне əкеп соқтырады. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін, суғаруды жинақталған ағыншалармен жүргізу керек. Чекке суды тез жіберу үшін, суғару ағыншасының мөлшері 1 гектарға 40- 50 л/с кем болмау керек. Яғни, 3 гектарлы чекке қажетті су шығыны 120-150 л/с құрайды. Бұл кезде чектің суға толытрылуы 8-10 сағатқа созылады. Чектердің тегістігі нашар болған жағдайда өзіндік суғару ағыншасының мөлшерін көбейтіп 1 га 60-70 л/с дейін жеткізуге болады. Егер чектердегі су беру құрылғылары гектарына 40-50 л/с өзіндік шығынын беруді қамтамасыз етпесе, 18
  • 17. онда ілмелі жəне қозғалмалы сорғылар стансасын пайдаланған жөн немесе құлақарықтан чекке су беретін қосамша құрылғыларды орнатқан жөн. Күріш ауыспалы егістігінде, кəдімгі сумен бастырудан өзгеше болатын, жоңышқаны суғарудың ең қарапайым жəне өнімді əдісі - чектер бойы суды ағызу болып табылады. Бұл əдісте чек бойымен сумен бастырудағыдай су қабаты жасалынбайды, себебі ауыр топырақтар жағдайында Қазақстанның күріш жүйелерінде бұл бүкіл жоңышқаның судан былжырап кетуін туғызады. Чек ауданының 2/3-3/4 бөлігі суарылғаннан кейін чектергі судың берілуін тоқтатады. Чектің қалған бөлігінің ылғалдануы судың əрі қарай ағуының нəтижесінде іске асырылады. Чек ауданы бойынша судың тез, əрі біркелкі таралуы үшін жəне сіңбей қалған суды чектен шығарып тастау үшін чектің периметрі бойынша бір ернеулі жүйек кесіледі. Суғару процесінде осы бір ернеулі жүйекке есептелінген су шығыны беріледі. Жүйектен су асып түскен соң, əрі қарай біркелкі, периметр бойынша таралады. Чектің бетінде су қабатын жасауға болмайтынын ескеру қажет. Күрішші чектің «суға батырылып» кетпеуін жəне жоңышқаның құрып кетпеуін қадағалау керек. Егер чек ауданының 2/3 немесе 3/4 бөлігін су қаптаса, құлақарықтардағы су беретін құрылғыларды мұқият жауып, судың берілуін тоқтату керек, себебі суғарылған чектер келесі чектерді суғарғанда қайтадан суға батып қалуы мүмкін. Чек суға толық батырылған соң, чектердегі су жіберетін құрылғыларды ашып, сіңбеген суды қашыртқыға жіберу керек. Судың сыртқа жіберілуі 6-7 сағатқа созылады. Бұл судың көлемі микрорельефтің тегістелген жағдайында, жалпы берілген судың 15-20% құрайды. Чектің суғарылу уақыты, яғни судың беріле бастағанынын, қашыртқыға жіберілуінің аяғына дейінгі аралық 15-17 сағаттан аспау керек, ал толық қанығуына 25-30 сағат қажет. Су жақсы таралуы үшін, сонымен қатар топырақ біркелкі ылғалданып, ауданы 2 га асатын чектердегі суды төмендету үшін, себілетін жыралар мен жүйектер арқылы суғарған жөн. Жоңышқа өсетін чектерді күзде немесе көктемде дайындайды. Себер алдында чектердің бетін тегістеп болған соң, чектер периметрі бойынша тереңдігі 25-30 см болатын бір ернеулі жүйек кесіледі. Сонымен қатар чектің ішінде грейдерлермен құлақарықтан қашыртқы каналына дейін бағытталған, аралары бір-бірінен 30 м, тереңдігі 10-12 см, құламалары 1:20 болатын жайпақ жыралар кесіледі. Содан кейін жоңышқа жыраларға да себіледі. Чек ауданы 20 га кем болатын жағдайда тек бір ернеулі жүйек қана кесілсе болады. Барлық жағдайларда чектің беті мұқият тегістелуі керек. Жоңышқаны сеуіп, артынша аралығы 20-25 м болатын құлақарықтан қашыртқы каналдарына қарай бағытталған, суды алып шығатын жүйектер кесіледі. Жоңышқаны суғарарда жыралар болмаса, осы жүйектер арқылы суғарса да болады. Бұл жүйектердің ені 16-18 см, тереңдігі 20-30 см болады. Жүйектер БКН катокты жүйек жасағыштармен кесіледі. Жыралар арқылы суғарғанда, есептелінген су шығыны жыраларға жəне бір ернеулі жүйектерге бірден беріледі. Жыралар суға толтырылған соң, су сыртқа қарай екі жағынан біркелкі ағады. Чектерге судың берілуі тоқтатылған соң, сіңірілмей қалған су микро төмендіктен жыраға (жүйекке) ағып, чектің сыртына шығарылады. 19
  • 18. 6. Көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясы. Дүние жүзілік күріш өсіру тəжірибесінде күрішті себу мен отырғызудың екі технологиясы бар: «құрғақ» жəне «сулық». «Құрғақ» технология құрғақ топыраққа тұқымды механизация көмегімен сеуіп, артынша себілген чектерді сумен бастыруға негізделген. «Сулық» технологияда арнайы питомникте өсірілген күріш көшеттерін сумен бастырылған чектерге отырғызады. Дүние жүзіндегі күріш егісінің 90% астам аудандарында көшеттеп отырғызылған күріш өсіріледі. Бұл технологияның артықшылығы: - суғарғанда су 30% дейін үнемделеді; - күріштің өнімділігі 15-20% артады; - арам шөптермен күресу шаралары ойдағыдай өтеді; - аудандары ауқымды болатын чектердің сумен бастырылу кезеңі қысқарады. Бұл технологияның негізгі кемістігі – оның «қымбатшылығы», яғни күрішті көшеттеп отырғызудың механикаландырылмаған əдісі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Көшеттеп отырғызу əдісінде 1 т күріш дəніне жұмсалатын еңбек шығыны 70-120 адам-күн болса, күріш өсірудің «құрғақ» технологиясында (механикаландырылған) еңбек шығыны 20-30 адам-күн құрайды, немесе «сулық» технологияға қарағанда 3-4 есе кем болады. Қазақстанда көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясының ауқымды өндірістік тəжірибесі жоқ, сондықтан бұл технологияны басқа елдердің тəжірибесіне жүгініп сипаттауға болады. Көптеген елдерде күріш көшетін өсіру үшін, питомник ретінде бір чек немесе ені 1-2 м, ал ұзындығы əр түрлі болатын, чектің бір бөлігі ғана қолданылады. Бөлек-бөлек болатын жолақтардың арасында немесе жолақтар шекарасымен тереңдігі 25-30 см болатын жүйектер салынады. Бұл жүйектер су режимін реттестіріп тұрады. Кавказ күнгейінде күрішті отырғызу үшін 1 гектарда ауданы 30-40 м2 болатын арнайы алаң орналастырылады. Жапонияда көшет отырғызуға арналған учаскені ені 1-2 м болатын жолақтарға бөледі. Жолақтардың беті күріш танаптарының бетінен 5-7,5 см биік болады. Жолақтарды суғару арықтарымен қоршайды. 0,1 га күріш танабына көшет өсірілетін питомниктің ауданы 33-49 м2 құрайды. Сонымен 1 га күріш плантациясына ауданы 400 м2 болатын питомник қажет. Ал питомниктің конструкциясы жəне оның қолданылу тəртібі бұрыннан күріш өсірумен айналысатын барлық елдерде бірдей. Питомниктегі топырақты өңдеуде мұқият тегістеу, терең жырту, тырмалау, қопсыту, жəне тыңайту жұмыстары кіреді. Питомниктегі топырақ өңдеудің мақсаты – біркелкі көктеп шығуына жəне əрі қарай өсімдіктің дамуына ең қолайлы жағдайлар туғызу, яғни мықты, əрі сау көшеттердің алынуын қамтамасыз ету. Күрішті себу мөлшері əр түрлі болады жəне көптеген факторларға байланысты анықталады. Мысалы, Кавказ күнгейінде 30-40 м2 алаңға 100-120 кг тұқым себіледі. Алаңша 1 га күріш плантациясына қажетті болатын күріш көшеттерімен қамтамасыз етеді. Кейде мұнда өте үлкен мөлшерде күріш 20
  • 19. тұқымы себіледі, оның салдарынан питомникте бір келкі тұқым қабаты пайда болады. Жапонияда себу мөлшерін 3,3 м2 ауданға литрмен өлшенеді. Суғарылатын питомниктерде себу мөлшері 0,37-0,54 л құрайды, яғни бұл 1 га 54-72 л сəйкес. Су жетіспейтін аудандарда себу мөлшері аз болады – 3,3 м2 ауданына 0,18-0,36 л тұқым. Осы мəліметтердің көрсетуінше күріш көшеттері өсірілетін питомниктердегі себу мөлшері мəндерінің диапазоны кең: біркелкі тұқым қабатынан бастап ең аз мөлшерге дейінгі (3,3 м2 ауданына 0,18 л) аралықта болады. Себу мөлшері топырақтың құнарлығымен, себілетін материалдың сапасымен жəне еңбек ресурстарымен қамтамасыз болуымен анықталады. Ява аралығында ылғалданған күріш тұқымдарын себеді. Ол үшін сапалы себілетін тұқымдарды кəрзеңкеге салады да, осы кəрзеңкені 2-3 күнге ағып жатқан суға малады. Мұнда тұқымдар жақсылап ісініп, көктей бастайды. Себер алдында бір-біріне жабысып қалмас үшін жəне зяинкестерден қорғау үшін ,тұқымдарды күлмен араластырады. Ауданы 14 м2 болатын алаңға 1 кг тұқым шығындалады. Питомниктің суғару тəртібі де бірдей емес. Көбінесе жақсы нəтижелер бір рет ылғалданған топырақтарда алынады. Кейбір елдерде питомниктерде тұқымды сеуіп болған соң, біртіндеп су қабатын құрайды, көктеп шыға бастаған соң суды чектен шығарып тастайды. Көктеп шыққан күрішті су қабатынсыз бірнеше сағатқа қалдырады, себебі көктеп шыққан күріш құрғатылған топырақта ұзақ уақыт болуы керек. Құрғатылған питомникті қайтадан сумен 1 см етіп толтырады. Бұл топырақ бетінде су болмаған кезде топыраққа оттегінің енуіне қолайлы жағдай болатынымен түсіндіріледі. Басқа елдерде (Италия, Испания) күрішті сеуіп болған соң, арам шөптермен күресу үшін жəне температура режимін реттестіру үшін, сумен терең бастырады. Азия елдерінде сапалы көшет алу тəжірибесінің көрсетуінше, сумен бастырылған топырақтағы күріштің көктеп шығу жылдамдығы, ылғалданған топыраққа қарағанда, төмен болады екен. Топырақтың ылғалдылығы ең төменгі ылғал сыйымдылығынан 80-90% болған кезде күріш тұқымының көктеуі баяулайды. Ылғалдылығы шамадан тыс көп болған кезде түбінің орнына бүршігі, калеоптиль дами бастайды. Сонымен, күріш көктегенде топырақ ылғалды болған жөн, яғни сумен бастырудың қажеті жоқ. Көктеп шығу фазасының аяғында жағдай өзгереді: мұнда өсімдікке ең қолайлысы су қабаты болып табылады. Судың жіңішке қабаты (1 см), судың қалың қабатына (20 см) қарағанда, құрғақ заттар қорының жиналу қарқындылығына сəйкес болады. Сонымен, питомниктерді суғарудың ең қолайлы тəртібі – жолақ периметрі бойынша орналасқан, сумен толтырылған арықтардан (жүйектерден) жіберілетін су топырақ бетін бастырмайтындай болуы керек. Суды арықтар (жүйектер) арқылы, яғни арықтағы судың деңгейін біртіндеп көтеріп, береді. Су топырақтың бетіне берілгенше жүйектерде болады. Тұқымдар көктеп шыққан соң, тамырларын оттегімен байыту үшін, су деңгейін азайтады. Өсімдік жақсы тамырланған соң, питомникті сумен ұзақ уақытқа бастырады. Суғарғанда суды бірнеше рет ауыстырып тұрады. Топырағы тұзданған аудандарда (Кавказ күнгейі) күрішті суға отырғызады. Суды жиі ауыстырып тұрады жəне бүршіктеніп шыға бастағанға дейін 3-5 см су 21
  • 20. қабатын бір қалыпты ұстап тұрады. Содан соң өсімдік жақсы тамырлануы үшін, топырақты құрғатады. Кейін күріш өсімдігін өз биіктігінің жартысына дейін сумен бастырылатындай етіп, су қабатын құрайды. Күріш көшеттері дайындауда операциялардың барлығына 20-25 күн кетеді. Күріш өсімдігін оттегімен жəне ылғалмен ең көп мөлшерде қамтамасыздандырылған кезде, ең жақсы көшет алынады жəне питомниктердің өлшемдерінің мəні ең кіші болады. Сонымен, күріш көшетін өсірерде су режимі ауыспалы болуы керек: бүршіктенгенде топырақты ылғалдандыру керек жəне көктеп шыға бастағанда судың қабаты жіңішке болуы керек. Күріш көшетінің ең маңызды кезеңі - өсімдікті отырғызу. 5-7 жапырағы пайда болған жас өсімдіктерді отырғызатын күні немесе оның қарсаңында топырақтан жұлып алады. Жұлынып алынған өсімдіктерді бауға түйеді де, танапқа əкеліп, белгілі бір сұлба бойынша отырғызады. Күріш өнімділігін арттыру үшін əр түрлі əдістерді қолданады: көшеттің жапырақтарының бір бөлігін қырқу, тыңайту үшін арнайы қоспаға тамырларын салу. жəне т.б. Көшеттерді қатарлап отырғызады. Əр шұңқырға 2-ден 4-ке дейін немесе одан да көп өсімдіктен отырғызады. Шұңқырлар арасы 20-30 см болады. Ерте пісетін сорттарды қалың етіп отырғызады, кеш пісетін сорттарды сирек (ерте пісетіндер – 12-15 см, орташа пісетіндер – 15-20 см, кеш пісетін қатты бұтақтанатын сорттар – 20-25 см жəне одан да көп) отырғызады. Шұңқырлар арасындағы қажетті ара қашықтықты сақтау үшін, көшеттер отырғызғанда жіпті қолданады немесе чек біліктерінде белгілер орнатады. Егер көшеттерді қатты ылғалданған топыраққа отырғызса, онда бірнеше күннен соң чекті сумен толтырып, су қабатын құрайды. Испанияда суды вегетация кезеңі бойынша бір рет немесе 2-3 рет ауыстырып тұрады. Жапонияда күріш өсіру үшін жылу ресурстары жетіспейтін аудандарында, күріштің ерте пісетін сорттарын өсіреді. Ауаның салқын массаларынан қорғау үшін питомниктерде пленка, майланған қағаз жəне т.б. қорғауға арналған заттар қолданылады. Осының арқасында кəдімгі (ашық) питомникте өсірілетін көшеттерге қарағанда, мұнда күріш көшетін 35-45 күнге ерте алуға болады. Су тапшылығы жағдайында Қазақстанда күріш өсіруді əрі қарай дамытуда көшеттеп отырғызылатын күріштің өсіру технологиясын қолдануға болады. Бұл суды үнемдеуге, күріш өнімін арттыруға жəне ауыл тұрғындарының еңбекпен қамтамасыз етуіне жағдай туғызады. 22